Фото: Корея елшілігі Фото: Корея елшілігі

Quiz on Korea. Қазақстандықтар Корея туралы сайыста бақ сынады


Нұр-Сұлтанда онлайн жарыстан викторинаға жеткен 30 қатысушы Корея Республикасының туризм саласы, мәдениеті, тарихы, тағамдары, дәстүрі мен тіл білу деңгейіне қарай жарысқа түсті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі Корея туралы Quiz on Korea викторинасын өткізді. Сайыс 3 қазанда атап өтілетін Корея Ұлттық күніне орай ұйымдастырылды.

Корея Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ку Хонг-сок қазақстандықтардың арасында Корея туралы қызығушылық танытатындардың көп екенін және онлайн сайысқа 350-ге жуық адам қатысқанын атап өтті.

"Қазақстандықтардың арасында Корея туралы білгісі келетіндердің көп екенін түсіндім. Себебі викторинаға дейін 350-ге жуық адам жауап берді. Солардың ішінен 30 адам викторинаға қатысты. Енді олардың ішінен ең үздік үштік анықталды", - деді елші. 

Қатысушылар алдымен топқа бөлініп жарысты, кейін соңғы сайыста әркім өзіне ұпай жинады. Сөйтіп жарыс қорытындысы бойынша үздік үштік те анықталды. 

Бірінші орынды Әнел  Елатова алса, Нұржанат Әлішбекова екінші болды. Ал Әнел Ахметова үшінші орынды қанжығалады. Жеңімпаздарға ұялы телефон, смарт сағат пен құлаққап табысталды.

Жүлделі үшінші орынды алған Әнел Ахметова болашақта Кореяға сахаттап барғысы келетінін айтты.

"Сұрақтар әртүрлі болды. Корея мәдениеті, музыкасы, тарихы, салт-дәстүрі, дорамаларына қатысты сұрақтар келді. Қандай сауал түсетінін бірден айту мүмкін емес. Алғашқы раундтарда командамен жарыстық, соңғысы сайыста сұрақтарға жеке-жеке жауап бердік. Мен сериалдарды қарап, тілін үйреніп алдым. Содан кейін Кореяға қатысты кез келген салада қызығушылығым бар. Сол білетіндерім бүгінгі жеңісіме себеп болған шығар. Болашақта, әрине, Кореяға баруды армандаймын", - деді астаналық қыз.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Алматы облысының жеткілікті бағаланбаған 10 көрікті жері Алматы облысының жеткілікті бағаланбаған 10 көрікті жері
Мұнай үшін құрғатпақ болған әлемдегі ең үлкен көл. Каспий жайлы қызық деректер Мұнай үшін құрғатпақ болған әлемдегі ең үлкен көл. Каспий жайлы қызық деректер
Қазақстанның туризмді дамыту жоспары қандай екені айтылды Қазақстанның туризмді дамыту жоспары қандай екені айтылды