Qazaq Air ұшағы апатты жағдайда Атырауға қонды

Ақтөбе - Баку (IQ519 рейсі) бағытында ұшқан Qazaq Air ұшағы жоспарланбаған жағдайда Атырау әуежайына қонды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі әуекомпания баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

37 жолаушысы бар ұшақ 5 ақпанда Астана уақыты бойынша 19:21-де (Атырау уақыты бойынша 18:21-де) қонды.

"Апатты жағдайда қонуға ұшақ бортында болған жолаушы әйелге жедел көмек қажет болуы себеп болған. Экипаж оған алғашқы көмек көрсеткен, сосын таяу маңдағы әуежайға қону шешімін қабылдаған. Әйеайлаққа қонғаннан кейін жолаушыны жедел жәрдем каретасы ауруханаға алып кетті", - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Реклама
Реклама

Ауруханаға жатқызылған әйелмен бірге ұшқан тағы бір жолаушының айтуынша, медициналық көмек дер кезінде көрсетілген, сол себепті әйелдің өміріне еш қауіп жоқ.

"Әуекомпания экипажы кардиолог-дәрігер Мамедова Гүлшанға алғыс айтады, ол осы рейсте болды және көмек көрсетті", - деді Qazaq Air өкілдері.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!