Qatar Airways Қазақстанға әуе рейстерін ашады

Қазақстан мен Катар арасындағы әуебайланыс қашан ашылатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше екі ел арасындағы әуе қатынасы саласында құқықтық база құру және кеңейту жөніндегі жұмысының нәтижесінде "Qatar Airways" әуе компаниясы 2021 жылғы 15 қазаннан бастап Доха және Алматы қалалары арасында Қазақстанға тұрақты рейстер орындауды жоспарлап отыр. Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес А-320 ұшақтарымен аптасына 2 рейс, дүйсенбі және жұма күндері орындалады деп жоспарланған. 

"Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысына Қазақстан мен Катар арасында тұрақты әуе қатынасын ашу мәселесі шығарылды. Екі ел арасында тұрақты рейстердің ашылуы Қазақстан мен Катар арасындағы сауда-экономикалық, мәдени және туристік қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етеді", - делінген ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Qatar Airways әуе компаниясы әлем бойынша 160-тан аса тағайындау тіректерін біріктіре отырып, жер шарының алты құрлығына ұшады. Сондай-ақ, әр жылдары Skytrax тұжырымы бойынша әлемнің "бес жұлдызды" әуе компанияларының рейтингіне кірді. 

Еске салайық, Қазақстан мен Катар визасыз режимді 30 күнге дейін қайта жаңғыртуды жоспарлап отыр. Бұл туралы "Қазақ туризм" ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

"Авиата" қосымшасын мына сілтеме сілтеме бойынша жүктеуге болады.