Lufthansa Қазақстанға рейстерді қайта бастайды

Германиялық Lufthansa әуекомпаниясы Қазақстанға рейстерді қалпына келтіруді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2022 жылғы 7 ақпаннан бастап Lufthansa неміс әуекомпаниясы А330 әуекемесінде аптасына 2 рейс жиілігімен Франкфурттан Нұр-Сұлтан мен Алматы бағыты бойынша Қазақстанға рейстерді қалпына келтіруді жоспарлап отыр", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Франкфурт - Алматы бағыты бойынша рейстер дүйсенбі және бейсенбіде, ал Алматы - Нұр-Сұлтан - Франкфурт бағыты бойынша рейстер сейсенбі және жұмада орындалатын болады.

Реклама
Реклама

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!