Kaz.tengritravel.kz-те Іле Алатауының бағыттары туралы айдар ашылды

Kaz.tengritravel.kz "Алатау соқпақтары" кітабының авторы, белгілі қазақстандық альпинист Бағлан Жүніспен бірлесе отырып, "Іле Алатауының бағыттары" атты жаңа айдар ашты. Мұнда Алматы маңындағы тау бағыттары, атап айтқанда, Кіші Алматы және Үлкен Алматы шатқалдары сипатталған.

Шатқалдардың әрқайсының бағыттары олар өтетін жерге байланысты бөлінеді. Мысалы, Кіші Алматы шатқалы - "Медеу" саябағы, Шымбұлақ, "Тұйық Су" альпинистік лагері, Бутаков шатқалынан бастау алатын бағыттар. Ал Үлкен Алматы шатқалының соқпақтары Үлкен Алматы көлінің экопостынан, "Альпілік раушан" қонақүйінен және №28 автобустың аялдамасынан (ГЭС-2) маршруттарға бөлінген.

Жолды сілтейтін қосымша маршрутты алдын ала егжей-тегжей зерделеуге, жолдың орташа уақытын, маршруттың күрделілігі мен ұзақтығын анықтауға мүмкіндік береді. Смартфонға маршрут карталарын жүктеуге болады, сонымен қатар карталарды офлайн режимде пайдалануға мүмкіндік беретін Google Earth, Garmin сияқты арнайы навигациялық қосымшалар мен гаджеттерге арналған форматтарда жүктеуге болады.

Реклама
Реклама

Маршруттар ұсынымдық сипатта болады. Егер сіз қауіпсіздік ережелерін сақтамасаңыз, тауға бару қауіпті болуы мүмкін екенін ескеру керек, сондықтан әр турист таудағы әс-әрекетіне жеке жауап береді.

Альпинизм бойынша еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстан Республикасының альпинизм және тауға өрмелеу федерациясының президенті Бағлан Жүніс - елімізде белсенді спорт түрлерін дамытудың көшбасшыларының және бастамашыларының бірі. Бағлан Жүністің басшылығымен ондаған альпинистік экспедиция ұйымдастырылды.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!