Flydubai Шымкентке қайта ұша бастайды

Біріккен Араб Әмірліктерінің Flydubai әуекомпаниясы Шымкентке ұшуды жалғастырады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Emirates News Agency Wam-ға сілтеме жасап.

Әуетасымалдаушысы 28 ақпанда рейстерді қайта бастайды, аптасына екі рет ұшады.

Flydubai бас атқарушы директоры Гейт аль Гейттің айтуынша, әуекомпания алғаш рет 2014 жылы Алматыға ұшуды бастағаннан бері Қазақстан маңызды нарық болып келеді.

"2022 жылы біз БАӘ мен Қазақстан арасында 300 мыңға жуық жолаушыны тасымалдадық. Бұл 2019 жылға дейінгі көрсеткіштен 145 пайызға артық және біз Шымкентке ұшуды қайта бастап, сауда және мәдени байланыстарды нығайтуға үміттенеміз", - деп басылым атқарушы директордың сөзін келтірді.

Қазіргі уақытта Flydubai Алматы мен Астанаға ұшады. Ақпаннан бастап елдер арасындағы ұшу жиілігі аптасына 26 рейске дейін артады.

Flydubai ретінде жұмыс істейтін Dubai Aviation Corporation - штаб-пәтері Дубай халықаралық әуежайында орналасқан, Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекеттік әуекомпаниясы.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!