FlyArystan әуекомпаниясының ұшағы Шымкент әуежайына қона алмады және Алматыға оралуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Ақпаратты Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі растады. Flightradar24 сервисінің деректері бойынша, Airbus A320-232 борты 2 қарашада сағат 11:10-да Алматыдан ұшып шықты. Алайда Шымкентке қонуға мүмкіндігі болмады және ұшу әуежайына оралды.
"Flyarystan ұшағы Алматы - Шымкент қатынасымен қала бойынша айналым жасады, бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты қона алмады. Сондықтан кідіріс болды", - деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті.
Айта кетейік, FlyArystan-да бұл жағдайға әлі түсініктеме берілмеді. Kaz.tengritravel.kz тілшісі әуекомпанияға ресми сұрау жіберді.
Қазгидрометтің мәліметінше, Шымкентте 2 қарашада қатты жаңбыр мен желдің салдарынан дауылды ескерту жарияланды.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!