17 қазаннан бастап отандық лоукостер FlyArystan Шарджаға (БАӘ) Нұр-Сұлтаннан, Алматыдан, Шымкенттен және Ақтаудан рейстер ашады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz тілшісі.
Тұрақты әрі чартерлік рейстер Шарджа халықаралық әуежайына орындалатын болады, билеттің ең төменгі құны бір бағытта ұшу үшін 39 999 теңгеден басталады. Әр қаладан ұшу тұрақтылығы - аптасына 3 рет, Алматыдан ұшу жиілігін апта сайын 5 есеге дейін артуы мүмкін.
@Shutterstock
17 қазаннан бастап (сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)
- Алматы - Шарджа - Алматы. Құны - от 59 999 теңге.
31 қазаннан бастап (дүйсенбі, бейсенбі, сенбі)
- Ақтау - Шарджа - Ақтау. Құны - от 39 999 теңге;
- Шымкент - Шарджа - Шымкент. Құны - от 39 999 теңге.
31 қазаннан бастап (сейсенбі, жұма, жексенбі)
- Нұр-Сұлтан - Шарджа - Нұр-Сұлтан. Құны - от 59 999 теңге.
@Shutterstock
"Араб Әмірліктері - көптеген қазақстандықтардың сүйікті демалыс орны. Күзгі-қысқы кезеңде Парсы шығанағының құмды жағажайлары керемет демалыс сыйлайды, ал сауда бойынша әлемдегі мықтылардың бірі. Қазақстанның 4 қаласынан тікелей рейстердің пайда болуымен демалыс қолжетімді болады, өйткені бұрын мұндай арзан ұсыныстар болған жоқ. FlyArystan тек ішкі бағыттарға ғана емес, сонымен қатар минималды тарифтер мен жайлы шарттар бойынша түрлі халықаралық әуе қатынастарын ұсынуға тиімді ұсыныстармен қуантуға дайын", - деді лоукостердің желілік жоспарлау жөніндегі директоры Ренат Әбілханов.
Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.
"Авиата" қосымшасын мына сілтеме сілтеме бойынша жүктеуге болады.
Действия