FlyArystan Оралға ұшатын рейстерді тоқтатты

Орал қаласының әуежайында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 1 тамыздан бастап FlyArystan әуекомпаниясы ішкі бағыттар бойынша Оралдан/ға орындалатын рейстерді тоқтатуға мәжбүр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі тасымалдаушы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Шектеудің себебі Орал әуежайының хабарламасында, ұшып/қону жолағы мен перронның жасанды төсеміне түсетін салмақ пен қарқындылығына қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында орнатылды, деп көрсетілді", - делінген хабарламада. 

Әуекомпания жолаушыларға билет құнын толықтай қайтаруға немесе басқа ішкі бағыттар бойынша тегін қайта брондауды ұсынады. Барлық жолаушыларға билет сатып алу кезінде көрсетілген sms пен электронды пошталарға жеке хабарламалар жіберіледі.

Бағытты өзгерту үшін байланыс орталығына хабарласып "Орал" тақырыбында екенін ескерту керек:
WhatsApp: +7 702-702-02-27
Парақшадағы Live Chat: flyarystan.com/contact
E-mail: contact.centre@flyarytan.com
Егер билет онлайн-агенттік/касса/турфирма арқылы алынса, онда сол жерге хабарласу қажет. 

Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!