FlyArystan наурызда бес жаңа әуерейсін іске қосады

FlyArystan лоукостері 2021 жылы наурызда бес жаңа әуерейсін іске қосуды жоспарлап отыр. Ақтау, Атырау және Шымкенттен тікелей рейстер қолжетімді болады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы әуекомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әуекомпания өкілдерінің айтуынша, олардың әуефлоты таяуда сегізінші Airbus A320 ұшағымен толығады, Бұл бағыттар желісін кеңейтуге және жаңа 5 бағыт ашуға мүмкіндік береді.

"Біздің әуефлотымызға сегізінші Airbus A320  қосылуымен FlyArystan бағдарлар желісі кеңейіп, сіздер үшін жаңа бағдарлар ашатынымызды хабарлаймыз", - дейді әуекомпания өкілдері. 

Жаңа бағыттар бойынша билет сатылымын ашық деп жарияланды:

✈️ Шымкент - Семей небәрі 7999 теңгеден бастап* (2 мамырдан бастап, дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері)

✈️ Ақтау - Қызылорда небәрі 7999 теңгеден бастап* (17 наурыздан бастап, сәрсенбі және жексенбі күндері)

✈️ Шымкент - Ақтөбе небәрі 8999 теңгеден бастап* (1 мамырдан бастап, сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері)

✈️ Атырау - Түркістан небәрі 8999 теңгеден * (28 наурыздан бастап, жұма және жексенбі күндері)

✈️Шымкент - Орал небәрі 10999 теңгеден бастап* (1 мамырдан бастап, сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері).

"Енді екі Нұр-Сұлтан мен Алматының тұрғындары тарихи Түркістанға тікелей ұшып қана қоймай, атыраулықтар да тікелей ұша алады. Шымкенттен Оралға немесе Семейге бару небары 2 сағаттан аз уақыт кетеді. Қызылордалықтарға автокөлікпен немесе пойызбен теңізге барудың қажеті жоқ, өйткені FlyArystan аптасына екі рет жайлы Airbus A320 ұшақтарымен ұшатын болады", - деді авиакомпанияның коммерциялық директоры Жанар Жайлауова.

Жаңа бағыттардың билет құны бір бағытқа 7 999 теңгеден басталады. Оның ішінде кездейсоқ орын мен 5 келі қолжүгін (мөлшері 56*23*36 сантиметр) қамтиды. Біржақты билет құны, әуежай алымдарымен қамтиды, қызмет алымы ескерілмеген. Ең төмен бағамен сатылатын билеттер саны шектеулі және де мейрам, демалыс күндері сатылып кетуі мүмкін. Билеттерді алдын ала FlyArystan мобильді қосымшасы арқылы ең төмен бағамен брондаңыз!

Еске салайық, лоукостер осыған дейін COVID-шектеулеріне байланысты тоқтатылған тоғыз бағытты қалпына келтірген болатын. Осылайша, 34 бағыт бойынша билеттер сатылымы 2021 жылдың 31 қазанына дейін ашық.