FlyArystan әуебилеттерді 3000 теңгеге сатып жатыр

Қазақстандық лоукостер FlyArystan әуебилеттерін арнайы бағамен - 2 999 теңгеге сатып жатыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі. 

Билетті тек бір бағытта алуға болады және тек iOS (AppStore) және Android (GooglePlay) мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Акция 2020 жылдың 8-10 желтоқсан аралығында ғана жарамды. Бұл ұсыныс 2021 жылдың 12 қаңтар мен 4 наурыз аралығындағы уақытқа есептелген. 

Осылайша, Алматыдан Қазақстанның 8 қаласына (Қостанай, Павлодар, Атырау, Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Түркістан және Семей) ұшуға және келуге болады. 

Нұр-Сұлтаннан Қостанай, Атырау, Қызылорда, Семей, Шымкент және Түркістанға ұша аласыз. Егер сіз Шымкентте болсаңыз, онда Ақтауға, Атырауға, Қарағанды, Нұр-Сұлтан және Алматыға бара аласыз. Басқа да бағыттармен мына жерден таныса аласыз. 

FlyArystan - Қазақстанда және Еуразиядағы алғашқы арзан әуекомпаниясы, ол 2019 жылы мамырда іске қосылды. Бүгінде әуекомпанияның жеті Airbus A320 әуе кемесі бар, олар аптасына 50-ден аса рейс орындайды.