Fly Arystan Қазақстанда балалар билетін жеңілдіксіз сатқан - прокуратура

© elements.envato.com

Fly Arystan лоукостері кәмелетке толмағандардың құқығын бұзғаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Fly Arystan лоукостері кәмелетке толмағандардың құқығын бұзғаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Алматы қаласының авиациялық көлік прокуратурасы Fly Arystan АҚ әуекомпаниясының жолаушылардың құқығын сақтау қызметін тексеру жүргізген.

"Тексеру нәтижесінде әуекомпания халықаралық рейстерге билет сату кезінде 2-12 жастағы жолаушыларға кәмелетке толмағандарға қолданылатын 50 пайыз арнайы жеңілдікті қолданбағаны белгілі болды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Прокуратураның ұсынысы бойынша Азаматтық авиация комитеті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 571-бабы 1-бөлігі бойынша әуекомпанияға қатысты әкімшілік хаттама толтырды.

Жиналған мәліметтерді Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады, оған 2023 жылы 16 ақпанда жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы қабылданды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Таяуда Fly Arystan әуекомпаниясы биыл қаңтар-ақпан айларында Қостанай әуежайынан ұшатын рейстердің тең жартысын қысқартқаны туралы хабарланды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная