Fly Arystan 14-ұшағын сатып алды

Fly Arystan әуекомпаниясының паркі тағы бір әуекемесімен толықты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Fly Arystan" әуекомпаниясы бүгін сыйымдылығы 188 орындық "А320nео" әуекемесін алды. Бұл ұшақ әуекомпания паркіндегі 14-ші, сондай-ақ осындай сыйымдылығы бар төртінші лайнер", - делінген хабарламада.

2023 жылдың соңына дейін әуе паркін 19 ұшаққа дейін, оның ішінде жаңа ұшақтармен кеңейту жоспарлануда. Қазақстан Республикасының әуекомпаниялары әуекемелер паркін ұлғайту және тасымалдау сыйымдылығын арттыру бойынша жұмысты жалғастырады.

Осы ұшақтарды пайдалануға беру әуекомпанияның тасымалдау сыйымдылығын арттырады, уақытылы орындалуына оң әсер етеді. Қазақстандық әуекомпаниялардың әуекемелер паркін кеңейту жұмыстары жалғасады және ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің тұрақты бақылауында.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!