Жарнамалық материал

Aviata.kz-тен билет алу неліктен тиімді әрі қауіпсіз?


Саяхатшылар сапарға шығардың алдында көптеген жағдаяттарға тап болып жатады. "Барлығы ескерілді ме?", "Ауа райы өзгеріп кетпес пе екен?", "Құжаттарды ұмытып кетпеу үшін не істеу керек?". Кейінгі үш жылда осы уайымдауларға тағы біршамасы қосылды. Сондай кезде біреу сені қолыңнан жетектеп, барлығын түсіндіріп берсе дейсің. Мұндай көмекші Авиата бола алады. 

Авиата қолданушылары қолдау қызметіне тәулік бойы кез келген сұрақпен хабарласа алады. Авиатаның клиенттерге "шешімі жоқ болып көрінген" түрлі жағдайларда қалай көмектескені туралы баяндаймыз. 

Авиатаның жолаушыға қайтарымсыз билетті қайтаруға көмектескені туралы. 

"2021 жылы бізге клиент хабарласып, орындалмаған рейстің ақшасын сол күнге дейін қайтармағанын айтып, көмек сұраған. Ол пандемия енді басталған уақытта, 2019 жылы билет алған. Сол кездің өзінде бірнеше шетелдік әуекомпаниялар рейстерді алып тастап, билет ақысы ваучерлер арқылы қайтарып жатты. 

Біз осы жағдайды зерделедік. Билет ақысын қайтару туралы өтініш сол мезетте бізге де әуетасымалдаушыға да жолданған. Біз әуекомпанияға өтініш жолдадық, алайда ол осындай өтініштердің көптігінен жоғалып кеткен. Билет ақысын қайтару жүзеге асырылмаған. 

"Әуекомпания ережесіне сәйкес, егер билет ақысы бір жыл ішінде қайтарылмаса, онда ол қайтарымсыз болады да, оны қайыру мүмкін емес жағдайға жетеді. Біз әуекомпания менеджерлерімен клиенттің өтінішін зерттеп, оның жоғалып кеткенін анықтадық. Соның нәтижесінде қолданушы билетке жұмсаған ақысын толықтай қайтарып алды", - дейді Авиата өкілдері. 

Рейстің іске асырылмауы, жоспарды өзгерту деген сөз емес. 

Келесі бір жағдайда рейс тура ұшатын күні кейінге шегерілген. Әуежайға келген жолаушыларға тіркеу бөліміндегі мамандар жағдайды ескерткен. Авиата арқылы билет алған жолаушылар сервиске хабарласты. 

"Біз әуекомпания менеджерлерімен хабарласып, тізбектегі әуебилеттерді ауыстыра бастадық. Жүйеде бос орын болмаса да, әуекомпания агенттері біз үшін қолмен толтырып берді", - дейді Авиата қолдау қызметінің командасы. 

Бір жолаушы анасымен бірге Нұр-Сұлтаннан Берлинге конференцияға бармақ болған. Ол билетті Авиата арқылы алған, ал анасы туристік агенттік арқылы сатып алған. Сервис менеджерлері өз клиентінің ғана билетін емес, жолаушының анасының да билетін әуекомпания қызметкерлеріне хабарласып, алмастырған. 

"Мұнда біздің басқа агенттіктерден жазып берілген билеттерге қол жеткізе алмайтынымызды түсіну маңызды, ал әуекомпанияларға олардың барлық билеттері жүйеде қолжетімді", - деп түсіндіреді Авиата сервисінің басшысы.

Осылайша, клиент пен оның анасы Берлинге бірге ұшып, жоспарларын өзгертпеді.

Авиата сервисіне форс-мажорлық жағдайлар да, жаһандық жүйелердегі проблемалар да кедергі келтірмейтіні туралы

Бұл жағдайда қателік туындап, билет жаһандық жүйеде дұрыс көрсетілмеген:

"Бізге Қазақстанға жаңажылдық мерекеге баласымен бірге қыдырып келген қыз жүгінді. Ол қайтатын кезде проблема туындаған, өйткені оның бірінші бағыттағы билеттері жүйеде "өңделмеген» ретінде көрсетілген. Бұл жүйеде жолаушы бірінші рейске отырмаған дегенді білдіреді. Ал баласының билетінде бәрі дұрыс болған.

Жағдай Қазақстандағы қаңтар оқиғасы кезінде орын алды және өтінімдердің көп болуына байланысты әуекомпаниялармен байланысу қиынға соқты: кол-орталықтың желісінде қоңырау көп болды. Біз әуекомпаниялардың корпоратив бөлімдерімен келіссөздер жүргізіп, мәселені талқылап, жүйе дұрыс жұмыс істемегенін дәлелдедік. Нәтижесінде жас ана мен баланың қарсы бағытта ұшуына көмектестік".

Саяхаттар мен ақша операциялары үшін қиындықтар туғызатын санкциялар туралы

2022 жылдың басында орын алған саяси жағдайға байланысты әуекомпаниялардың бір бөлігі санкцияларға ұшырады. Бұл саяхатшыларға да әсер етті.

Мысалы, мына жағдайда жолаушы билетті қайтару кезінде қиындықтарға тап болды. Ол әуе билетін кейінірек санкцияларға ұшыраған әуекомпаниялардың бірінің сайтында сатып алған. Билеттер Қазақстан банкінің картасымен төленген. Жолаушы билетті қайтарғысы келген кезде әуекомпания санкциялық шектеулерге байланысты қазақстандық картаға қайтара алмады.

Содан кейін клиент жоғары сенім деңгейінің арқасында Авиатадан көмек сұрауға шешім қабылдайды. Сервис қызметкерлері әуекомпаниямен байланысып, мәселені шешудің басқа жолын тапты. Қаржыны қайтару санкциялық шектеулер әсер етпеген басқа елдің картасына жасалды.

Қазіргі таңдағы болжай алмайтын оқиғаларда ешқашан кездеспеген форс-мажорлық жағдайлар болуы мүмкін. Авиата үшін басты назар ‐ клиенттердің сенімі, сондықтан сервис ең күрделі жағдайларды шешуге көмектесуге тырысады.

"Әрбір клиент үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Иә, тасымалдаушылардың ережелері мен шешімдерін айналып өту және бірдеңе ұсыну мүмкін болмайтын жағдайлар болады. Бірақ, клиенттер бізге жүгінсе, барлық шешімді тексеріп, сынап көретінімізге сенімді бола алады", - деді сервистің қолдау қызметінің басшысы.




Пікір жазыңыз

Осыған ұқсас мақалалар

Алматыдан Атырауға шыққан ұшақтың қозғалтқышына құс түсіп қалды
Авиация саласында кадр тапшы - сарапшылар
Қазақстан Google Maps-тегі жұмбақ орындардың тізіміне енді