Aviata.kz саяхат саласында қандай деңгейдегі сервисті ұсынады?

18 және 19 мамырда Астанада жыл сайынғы Тravel hub конференциясы өтті. Онда ТМД-да саяхатты дамыту үшін IT-технологиялар саласындағы мәселелер талқыланды. Конференцияға қатысушылар туристік нарықтағы трендтер туралы біліп, тәжірибесін бөлісті.

Aviata.kz өкілі конференцияға қатысып, өз клиенттері үшін жоғары деңгейдегі сервисті қалай ұсынатынын айтып берді. Пайдаланушы тәжірибесін айтарлықтай жақсартатын және саяхат саласында жоғары деңгейді орнататын технология жетістіктерін бөлісті.

Реклама
Реклама

Клиент сервисінің директоры Еркебұлан Нұржақсынов Авиатаның пайдаланушылары үшін қандай артықшылық барын бөлісті. Команда мақтан тұтатын қызметтің жоғары деңгейі неден тұрады:

● Авиата Amadeus, Saber, HitIt және басқа да әртүрлі брондау жүйесін қосу арқылы контентін кеңейтіп отырады.

● Билеттерді тез брондау және сатып алу мүмкіндігімен қатар, Авиата сапарды икемді және ыңғайлы ететін қосымша қызметтердің тізімін ұсынады. Мысалы, Авиата қосымшасында немесе сайтында сіз бірден қосымша багажды сатып ала аласыз немесе борттағы орынды таңдай аласыз. Авиатаның қайтару кепілдігі тіпті қайтарылмайтын билеттерді де қайтарады. Бұл сапарды алдын ала жоспарлауға және жоспар өзгереді деп алаңдамауға мүмкіндік береді.

● Авиата үшін пайдаланушылардың уақытын үнемдеу өте маңызды. Сондықтан жолаушылардың барлық өтінімінің 70%-дан астамы автомат түрде өңделеді. Енді күрделі тапсырыс бойынша сұраныстар қолмен өңделеді және барлық күш қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталуы мүмкін.

● Авиата командасы әрқашан пайдаланушыларының тілектерін болжауға тырысады. Мәселен, билеттерді қайтару және айырбастау функциясы жаңартылды. Бұрын клиент қолжетімді опцияларды баға мен уақыт бойынша салыстыру үшін бірнеше рет іздеуге мәжбүр болды. Енді айырбастау кезінде қажетті күнге билеттер ғана емес, сонымен қатар "плюс-минус" үш күнге де көрсетіледі. Ал, ескі билетте бағаға багаж қосылмаған болса, енді оны қосымша ақы үшін қосуға болады.

● Әуе саласы түсініксіз және нюанстарға толы болып көрінуі мүмкін. Бірақ Авиатаның қолдау тобы клиенттердің барлық сұрағына жауап беру және көмектесу үшін үш тілде 24/7 байланыста болады.

Міне, күн сайын клиенттердің жайлылығына қамқорлық жасайтын Авиатаның қолдау қызметі мынадай нәтижелерге жетті:

— қоңыраудың 95% бірінші реттен қабылданады;

— барлық қоңыраудың 75% 10 секунд ішінде қабылданады;

— клиенттердің 97% қоңыраудан кейін менеджердің жұмысына риза болады;

— NPS көрсеткіші - 54%. Бұл сервисті өзгелерге пайдалануға кеңес беретін клиенттердің үлесі;

Тек жауапкершілігі жоғары және мықты командамен ғана мұндай нәтижелерге жетіп, қызметке көңілі тоқ көп клиентті көруге болады.