Aviata.kz өкілдері әуебилет құны неге жоғары екенін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әуе және темір жол билеттерін сататын Авиата сервисінің қолданушылары әуебилеттерінің қалай қойылатыны туралы жиі сұрайды. Авиата мамандары бір рейске уақыт өте бағаның қымбаттайтынын және билетті арзан бағаға алудың жолын түсіндірді. 


Әуе және темір жол билеттерін сататын Авиата сервисінің қолданушылары әуебилеттерінің қалай қойылатыны туралы жиі сұрайды. Авиата мамандары бір рейске уақыт өте бағаның қымбаттайтынын және билетті арзан бағаға алудың жолын түсіндірді. 

Әуебилеттерінің тағайындалуы динамикалық режимге байланысты. Бұл дегеніміз билет бағасы тұрақты емес. Олар бағытқа, жыл мезгіліне, сұранысқа және әуекомпаниядағы ішкі факторларға байланысты өзгереді. 

Жалпы, бағаның тағайындалуына екі жағдай әсер етеді - тарифтер және таксалар. 

  • Тариф - бұл әуекомпания өзі тағайындайтын ұшудың құны. Ол тасымалдаушының ережесіне, бағытына, брондау санатына және маусымға сәйкес тағайындалады. Әр әуекомпанияның өз тарифтік сызбасы бар. Брондау кезінде өзіңізге ыңғайлы қажетті тарифті таңдауға болады. Негізінен, олар қол жүгінің, багаждың көлеміне және билетті қайтару не ауыстыру мүмкіндіктеріне байланысты. 
  • Такса - бұл әуекомпанияның әр рейс үшін төлейтін салықтары мен алымдары. Мұнда бөтен елдің аумағынан ұшқаны үшін алымдар, ұшақтардың әуежайда тұруы және жанармай үшін ақы. Таксалар - әуекомпанияның тікелей шығындары, оны ұшақтағы орын санына шағады. 

Неліктен баға бір күнде бірнеше рет өзгереді? Қолжетімді билеттер саны әртүрлі тарифте әр рейсте өзгеріп отырады. Әуекомпанияның кірістерді басқару жүйесі көптеген факторларды сараптап, әр тарифтегі қолжетімді әуебилеттерін автоматты түрде шығарып отырады. Билетке сұраныс жоғарылаған сайын, қымбат тарифтер саны ұлғаяды, ал сұраныс азайса қымбат тарифтер азаяды. Бұл уақытылы жүріп тұратын процесс, сол себепті билет құны бірнеше сағат ішінде өзгере береді. Одан бөлек, билетті бір уақытта бүкіл әлемнен түрлі клиенттер брондауы мүмкін, сол себепті ең арзан билетті басқа біреу алып кетуі сөзсіз. 

Бағаның тағайындалуы валюта бағамына сәйкес өзгеретінін айта кету керек. Бұл әсіресе ұзақ уақыт ұшатын халықаралық әуекомпанияларда кездеседі. Мұндай кезде осы әуекомпанияларда солардың валютасымен баға тағайындалады. 

Саяхатшылар көбіне ұшу күні жақындаған сайын бағаның қымбаттауын байқайды. Бұл дегеніміз - әуекомпания бағаны әдейі көтереді деген сөз бе? Негізінде, әуекомпания ұсынған әр ұшақта түрлі тарифтегі орындар болады. Рейсті брондау не сатып алу ашылған кезде, жолаушылар бірінші кезекте ең тиімді билеттерді сатып алады, сол себепті ұшу күні жақындаған сайын тек қымбат билеттер қалады. Сол үшін билетті ерте алу арқылы үнемдеуге болады. 

Авиата билеттерді әуекомпанияның бағасына сәйкес қояды. Бұл дегеніміз - сайтта не қосымша арқылы билетті әуекомпания бағасымен немесе акция кезінде одан да арзан алуға болады. Авиата командасы әуекомпаниялардың эксклюзив ұсыныстарын шығарып тұрады. Мысалы, әр тоқсан сайын SCAT әуекомпаниясымен акциялар ұйымдастырылады. Осындай белсенділік басқа да әуекомпаниялармен тұрақты түрде өткізіледі. 

Сонда баға әуекомпаниясына негізделіп тағайындалса Авиата табысты қайдан табады деген сұрақ туындауы мүмкін. Сервис көптеген әуекомпаниялармен және брондау жүйелерімен (Amadeus, HitIt, Sabre және т.б.) жұмыс істейді және солардан тікелей ақы алады. Төлемдер өзгеруі мүмкін және бұған көптеген факторлар әсер етеді. Сонымен қатар, әрдайым бірлескен маркетингтік кампаниялар жүргізіледі, ол да табыс алып келеді. Себебі компанияның табысы үстеме бағаға байланысты емес, сервистегі баға әуекомпания бағасынан айырмашылығы жоқ. 

Танымал емес бағытқа билет алу үшін көп уақыт кетеді, көптеген сайттарды ақтаруға тура келеді. Авиата әуекомпания мен қолданушыны байланыстыратын платформа ғана ұсынып қоймай, өз контентін ұсынады, соның арқасында қолданушыда көбірек таңдау болады. Мысалы, сервис әуекомпаниялардың түйісетін әуежайларды көрсетеді, бұл дегеніміз -  тиімді нұсқа. Авиатада қайтарылмайтын билетті 90 пайызбен қайтару мүмкіндігі бар қызметі қолжетімді. Яғни барынша үнемдеп, қолданушы жоғарғы тарифтер қызметін де алуға мүмкіндігі бар. Сервистің қолдау орталығы 24/7 режимінде, демалыссыз жұмыс істейді. Авиатаның колл-агенттері билетті ауыстыру немесе қайтару сынды қызметтерді көрсетіп қана қоймай, төлқұжат мәліметтерін тексеріп, балаға билет алуға көмектеседі. Пайдалы жаңа қызметтер әрдайым ойластырылып, қосылып отырады.  

Сервис әуесаласында бағаның тағайындалуын түсіндірді, соның арқасында клиенттер өзіне тиімді бағаға ала алады. Авиата қолданушылармен әрдайым байланысты, оларға кез келген уақытта кеңес беруге дайын!

Авиата қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеп, еркін саяхаттаңыз!

TengriTravel
Жарнамалық материал