Air Astana рейсі найзағайдың салдарынан кейінге шегерілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото TENGRINEWS/Тұрар Қазанғапов Фото TENGRINEWS/Тұрар Қазанғапов

Алматы - Нұр-Сұлтан рейсі найзағай ұшаққа түсіп, шаңды дауыл салдарынан кейінге шегерілді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы - Нұр-Сұлтан рейсі найзағай ұшаққа түсіп, шаңды дауыл салдарынан кейінге шегерілді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әуетасымалдаушының мәліметінше, КС 855 рейсі Алматы - Нұр-Сұлтан бағытымен 8 тамызда сағат 19:45-те ұшу жоспарланған.

"Алдыңғы рейсті орындау кезінде ұшаққа найзағайдың түсуі себебінен әуе кемесі бұрын Алматы - Нұр-Сұлтан - Алматы бағыты бойынша Fly Arystan КС 7058 рейсін орындаған компаниялар тобының резервтік бортына ауыстырылды және кідіріс 3 сағат 45 минутты құрауы тиіс еді. Алайда Алматыдағы шаңды дауылдың, Нұр-Сұлтан әуежайының жабылуының және әуе кемесінің техникалық ақауының салдарынан кідіріс артты", - деп хабарлады Air Astana.

Жалпы алғанда, КС 855 рейсінің кешігуі 7 сағат 15 минутты құрады.

"Жолаушыларға сусындар мен тамақ берілді, кейбір жолаушы басқа рейстерге ауыстырылды. Бизнес-класс жолаушыларына 100 долларға (47 711 теңге) баламалы билеттерге ваучер беріледі. Қолайсыздық тудырғанымыз өкінішті", - деп қосты компания өкілдері.

Еске салайық, 18 маусымда Air Astana әуе компаниясының Boeing 767 бортының 200-ге жуық жолаушысы техникалық ақауына байланысты Алматыдан Анталияға ұшып кете алмады. 18 және 19 маусымда Air Astana Алматы - Анталия бағыты бойынша екі рейсті тиісінше 24 сағат 56 минутқа және үш сағат 23 минутқа кешіктірді.

26 маусымда Air Astana әуе кемесінің ақаулығы салдарынан тағы үш рейс кідіргені туралы хабарлады: КС 127/128 Алматы - Ташкент - Алматы, KC 953/954 Алматы - Нұр-Сұлтан - Алматы және КС 859/860 Алматы - Ақтау - Алматы. Кідірістердің ұзақтығы орта есеппен үш сағатты құрады.

9 шілдеде Шымкент - Нұр-Сұлтан рейсі биіктікке көтерілу кезінде Air Astana бортының сол қозғалтқышы ажыратылды. Ұшқыштар ұшақты Шымкентке қайтарды. Жолаушыларды Fly Arystan және Air Astana жақын арадағы тікелей рейстеріне брондады.

Сол күні Орал - Нұр-Сұлтан рейсі Air Astana ұшағының ауыстырылуына байланысты рейс кейінгі шегерілді.

16 шілдеде Алматыдан Малеге ұшып шыққан Air Astana техникалық ақауларға байланысты кері қайтты. Ұшу кезінде қозғалтқыштың дірілін бақылау және индикациялау датчигі істен шықты.

16 шілдеде FlyArystan Шымкент - Ақтау рейсінің жолаушылары әуежайда бір тәулікке жуық күтіп, олардың рейсін қайта-қайта ауыстырып отырғанына шағымданды. Бастапқыда ұшу 15 шілдеде 20.10-да жоспарланған болатын. Көп ұзамай ол 02.50-ге ауыстырылды. Кейінірек техникалық себептерге байланысты рейс қайтадан 05.00-ге ауыстырылды. Әуежайға келгеннен кейін жолаушыларға рейстің тоқтатылғаны туралы хабарланды. Нәтижесінде борт 16 шілдеде сағат 23.50-де ұшып кетті.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel