Air Astana Ресейдің бас қаласына рейстерді көбейтеді

Фото Елена Сергиенко

"Эйр Астана" әуекомпаниясы Қазақстаннан Ресей астанасына рейстер санын арттыратыны туралы мәлімдеді. Енді Нұр-Сұлтаннан Домодедовоға аптасына екі рет сәрсенбі және жексенбі күндері жетуге болады. Алматыдан Мәскеуге тікелей рейс 5 ақпаннан бастап жұма күндері қайта орындала бастайды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі әуекомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Эйр Астана" әуекомпаниясы Қазақстаннан Ресей астанасына рейстер санын арттыратыны туралы мәлімдеді. Енді Нұр-Сұлтаннан Домодедовоға аптасына екі рет сәрсенбі және жексенбі күндері жетуге болады. Алматыдан Мәскеуге тікелей рейс 5 ақпаннан бастап жұма күндері қайта орындала бастайды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі әуекомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ресейге кіруге тек Ресей мен Қазақстан азаматтарына, сондай-ақ Ресей Федерациясында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға ғана рұқсат етіледі.

Реклама
Реклама

Ресейге келген барлық шетелдік азаматтар (оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары және Ресей Федерациясында тұруға ықтиярхаты бар) сауалнаманы толтырып, өздерінде ұшуға үш күн бұрын алынған теріс нәтижесі бар ПТР тест анықтамасы болуы керек. Сондай-ақ, Ресей азаматтары мемлекеттік қызметтер порталында үлгіні сапарға шығар алдында толтыруы керек, ал Ресей Федерациясына келген күннен бастап үш күн ішінде олар ПТР тестін тапсыру керек.

Транзиттік жолаушылар шектеусіз қабылданады, дегенмен ақырғы баратын елдің ережелері есепке алады. Транзиттік жолаушыларда да ПТР анықтамасы болуы тиіс. Сондай-ақ, балалар тест тапсыруы керек.

Өз кезегінде, ҚР Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, "Аэрофлот" әуекомпаниясы 10 ақпаннан бастап Мәскеуден Нұр-сұлтанға (аптасына екі рет) және Алматыға (аптасына бір рет) апта сайынғы рейстерді орындауды жоспарлап отыр.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная