Air Astana жолаушылар тасымалының бұзылу қаупі туралы мәлімдеді

@Shutterstock

Air Astana компаниясы Қазақстанда әуе отынын өндіру көлемінің айтарлықтай төмендеуіне алаңдаушылық білдірді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі "Эйр Астана" АҚ Корпоративтік коммуникациялар жөніндегі департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Air Astana компаниясы Қазақстанда әуе отынын өндіру көлемінің айтарлықтай төмендеуіне алаңдаушылық білдірді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі "Эйр Астана" АҚ Корпоративтік коммуникациялар жөніндегі департаментіне сілтеме жасап.

Ұлттық әуетасымалдаушы Үкіметке қазақстандық мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстарының мерзімін ауыстыру, сондай-ақ керосин өндірісінің бұрынғы көлемін кем дегенде импорт қалпына келтірілгенге дейін қайтару ұсынысымен жүгінді. Әуекомпанияның мәліметінше, бұл шаралар қысқамерзімді перспективада әуе тасымалын тұрақты жүзеге асыру үшін маңызды.

Реклама
Реклама

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы ішкі нарықты жалпы көлемі 35 000 тонна әуе керосинімен қамтамасыз ету туралы мәлімдеді. Алайда, тек Air Astana компаниясының қолданыстағы рейстерін үздіксіз орындау ай сайын 30 000 тонна отын тұтынуды талап етеді. Оның үстіне Қазақстаннан халықаралық рейстер біртіндеп қалпына келтіріліп, әуекомпанияның рейстер саны артып жатыр", - делінген хабарламада.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная