Air Astana билеттердің жоғары бағасына қатысты сұрақтарға жауап берді

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Air Astana компаниясының кірістерді басқару және коммерциялық жоспарлау жөніндегі аға вице-президенті Ерболат Байсалықов әуекомпанияның әуебилеттерінің бағасының жоғарылауына қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Air Astana компаниясының кірістерді басқару және коммерциялық жоспарлау жөніндегі аға вице-президенті Ерболат Байсалықов әуекомпанияның әуебилеттерінің бағасының жоғарылауына қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Ерболат Байсалықовтың айтуынша, 2021 жылдан бастап бүгінге дейін әуекомпанияда әуе билеттерінің бағасы өзгерген жоқ.

"Осы кезеңде 2022 жылы инфляция шамамен 20 пайыз, 2023 жылы инфляция шамамен 10 пайыз болғанын атап өткен жөн. Бірақ тариф сол деңгейде қалып отыр, теңгеге де көтерілмеді", - деп жауап берді ол журналистердің сұрақтарына.

Реклама
Реклама

Ерболат Байсадықов қазақстандықтарға әуе билеттерін мүмкіндігінше ертерек сатып алуды ұсынды.

"Біз бұған дейін жаз мезгілі жоғары тасымалдау маусымы екенін айтқан болатынбыз, осы кезеңде біз әрқашан жолаушыларға билеттерді алдын ала сатып алуды ұсынамыз. Содан кейін ол арзан бағамен шығады, ал соңғы сәтте осындай жоғары сұраныспен тарифтер сатылымдар ашылған кездегіден жоғары болады", - деп қосты ол

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная