©REUTERS ©REUTERS

695 қазақстандық Нұр-Сұлтан мен Алматыға ПТР-анықтамасыз ұшып келді


2021 жылдың 24 қаңтарында Қазақстанға ПТР сынамасы теріс нәтиже көрсеткен 1 886 адам, анықтамасыз 695 ҚР азаматы ұшып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Латвия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, РФ және Қырғызстаннан 17 халықаралық әуе рейсімен 2 581 адам келген.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 109 жолаушы, анықтамамен - 748; анықтамасыз – 361;
Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 1 472 жолаушы, анықтамамен - 1 138, анықтамасыз – 334.

Айта кетейік, анықтамасыз келген қазақстандықтар қонған жері бойынша COVID-19-ға қарсы ПТР сынамасын жасатып, карантин стационарында өз нәтижелерін күтіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Осыған ұқсас мақалалар

Шарын шатқалында сирек кездесетін сілеусін видеоға түсіп қалды Шарын шатқалында сирек кездесетін сілеусін видеоға түсіп қалды
Алматы маңында жаңа тау шаңғысы курорты пайда болуы мүмкін Алматы маңында жаңа тау шаңғысы курорты пайда болуы мүмкін
"Медеудегі" автотұрақ ақылы болады "Медеудегі" автотұрақ ақылы болады