"52 градус ыстық". Турист Алакөлден Алматыға қатынайтын пойыздың жағдайына шағымданды

Фото: Гүлмира Сәулебекова

Астаналық Гүлмира Сәулебекова Алакөл көлінен Алматыға дейін қатынаған купелік вагонның нашар жағдайына шағымданды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астаналық Гүлмира Сәулебекова Алакөл көлінен Алматыға дейін қатынаған купелік вагонның нашар жағдайына шағымданды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Әйел отбасымен еңбек демалысы кезінде Алакөлде демалған. Туристің айтуынша, Нұр-Сұлтаннан көлге баратын кезде вагондар лас болса да кондиционер жұмыс істеп тұрған. Қайтатын кезде Гүлмира балаларымен Алакөлден Алматыға аттанған, алайда пойыздың кондиционері істемеген. Астаналық купе вагонының ішінде 52 градус ыстық болғанын және терезелері ашылмайтыны туралы шағымданып, Facebook желісінде жазба қалдырды. 

Реклама
Реклама

"25 шілдеде 942-пойыз "Достық-Ақтоғаймен" аттандық. Біздің сегіз вагонымыздың "Қызылорда-Семей" пойызына тіркеді, осылайша біз "Алматы-1" станциясына жеттік. Кондиционер істемейді, купе ішінде терезе ашылмайды, бүкіл вагонды дәліздегі екі фрамуга (көлденең орналасқан терезелер - автор түсіндірмесі) ғана желдетіп тұрды. Сыртта ауа температурасы 42 градусқа дейін көтерілді. Жолсерік сапар барысында вагон есіктерін үнемі ашып тұрды, барлығымыз түнімен тамбурда жүрдік. Купе ішінде 52 градус. Балаларды сулы сүлгілермен бастарын орап отырдық. Шама қалмады, сәл қозғалсаң тер көлдей ағады", - деп жазды әйел. 

Гүлмира осы купе вагонынан орынды 45 күн бұрын алған. Жолаушының айтуынша, кондиционер істемеген тек сол ғана вагон емес. 

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің өкілдері осы дерекке қатысты өңірлік филиалда қызметтік тексеру жүріп жатқанын мәлімдеді. 

Айта кетейік, бұл жолаушылар тасымалдайтын пойыздарға түскен бірінші шағым емес. Осыған дейін әлеуметтік желіде жолаушылар пойызының вагонындағы ыстыққа шағымдар болған. Автор онда терезелердің ашылмайтынын түсірген еді. Фонында баланың жылағаны да түсірілген. Өз кезегінде ҚТЖ баспасөз қызметі видеода түсірілген дәл осы тасымалдаушының жеке екенін түсіндірген. 

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная