Елімізге 23 қаңтарда 345 қазақстандық ПТР-анықтамасыз ұшып келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.
2021 жылғы 23 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Египет, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді. 1 547 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 202 адам, анықтамасыз 345 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 129 жолаушы, анықтамамен - 856, анықтамасыз - 273;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 418 жолаушы, анықтамамен - 346, анықтамасыз - 72.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
2021 жылдың 22 қаңтарында анықтамасыз келген барлық 340 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!