Әлемдегі ең үлкен ұшақты біздің отандасымыз басқаратыны белгілі болды. 29 жастағы Біржан Талғатбекұлы 600 орындық Airbus 380 ұшағының екінші ұшқышы қызметін атқарады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Қазақстан" телеарнасына сілтеме жасап.
Жігіт Алматыдағы Азаматтық авиация академиясын бітіріп, кейін жергілікті әуекомпанияда 7 жыл жұмыс істеген. Алайда, 2019 жылы ол Біріккен Араб Әмірліктерінде орналасқан Emirates әуекомпаниясына құжаттарын тапсырады. Бір қызығы, жас жігіт әкесінің жолын қуған. Әкесі - отставкадағы ұшқыш.
"Қазақстанда жинаған тәжірибе осы жақта өте маңызды болды. Интервьюге барған кезде айттым, менде әртүрлі тәжірибе бар. Тауда да, ыстық пен суықта да ұшуға тәжірибе бар дедім. Сол қатты ұнаған болуы керек оларға. Мен сәтті өттім. Әр ұшқыштың арманы – командир болу. Өзімде де сондай арман бар. Алла қаласа, екі-үш жылда командир боламын деп үміттенемін", - деді Біржан Талғатбекұлы.
Видеодан кадр
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!