29 ел, 479 рейс: Қазақстаннан қайда ұшуға болады?

© pixabay.com

Қазіргі уақытта Қазақстаннан 109 бағыт бойынша 29 елге аптасына 479 халықаралық рейс жиілігімен ұшады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы мен Авиата сервисі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазіргі уақытта Қазақстаннан 109 бағыт бойынша 29 елге аптасына 479 халықаралық рейс жиілігімен ұшады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы мен Авиата сервисі.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, рейстердің көпшілігі негізінен Ресейге, Түркияға, БАӘ-ге, Өзбекстанға және Мысырға орындалады.

Түркияға аптасына 80 рейс. Оның 36-сы - қазақстандық әуекомпаниялар (Air Astana – 20, SCAT – 12, Fly Arystan – 4), Түркия Республикасы тарапынан - 44 рейс (Turkish Airlines – 30, Pegasus – 14):

Реклама
Реклама

Астана – Ыстамбұл (Turkish Airlines - 7; Air Astana - 5, Pegasus Airlines - 4, SCAT - 3);
Алматы – Ыстамбұл (Turkish Airlines - 13; Pegasus Airlines - 4; Air Astana - 7);
Ақтау – Ыстамбұл (SCAT - 3; Fly Arystan - 2, Turkish Airlines - 2);
Шымкент – Ыстамбұл (SCAT - 3; Pegasus - 2);
Ақтөбе – Ыстамбұл (SCAT - 2);
Атырау – Ыстамбұл ("Эйр Астана" - 3, SCAT - 1);
Түркістан – Ыстамбұл (Turkish Airlines - 2, Fly Arystan - 2);
Астана – Анкара (Turkish Airlines - 2);
Алматы – Анкара (Pegasus - 2, Turkish Airlines - 2),
Алматы – Анталья (Air Astana - 3, Turkish Airlines - 1, Pegasus - 2),
Астана – Анталья (Air Astana – 2, Turkish Airlines - 1).

БАӘ-ге аптасына 60 рейс. Қазақстан тарапы - 27 рейс (Air Astana – 19, Fly Arystan - 8 ), Біріккен Араб Әмірлігі тарапы – 33 рейс (Fly Dubai – 20; Air Arabia - 7; Wizz Air Abu Dhabi - 6):

Астана – Дубай (Air Astana – 9, Fly Dubai – 10);
Алматы – Дубай (Air Astana – 10; Fly Dubai – 10);
Ақтөбе – Дубай (Fly Arystan - 2 чартерлік рейс),
Шымкент – Дубай (Fly Arystan - 4),
Ақтау – Дубай (Fly Arystan - 2),
Алматы – Шарджа (Air Arabia - 7),
Алматы – Абу-Даби (Wizz Air Abu Dhabi – 3),
Астана – Абу-Даби (Wizz Air Abu Dhabi – 3).

Сондай-ақ, таяуда Fly Dubai 28 ақпаннан бастап аптасына екі рет Дубайдан Шымкентке ұшатыны туралы айтылды.


Дубай, pixabay.com

Қазақстан мен Ресей арасында аптасына 141 рейс орындалады. Біздің тараптан - 50 рейс (SCAT – 42, Qazaq Air – 8), ал ресейлік тарап - 91 рейс (Россия – 57, Red Wings – 24, Азимут – 5, UTAir – 5):

Астана – Мәскеу (SCAT - 14, Россия - 14);
Алматы – Мәскеу (SCAT - 14, Россия - 16);
Астана – Екатеринбург (Qazaq Air - 3, Red Wings - 4);
Астана – Қазан (Red Wings – 1);
Астана – Омбы (Qazaq Air - 3);
Астана – Жуковский (Red Wings - 4);
Алматы – Екатеринбург (Red Wings – 4);
Алматы – Қазан (Red Wings – 2);
Алматы – Самара (Red Wings – 1);
Алматы – Минводы (Азимут - 2);
Алматы – Жуковский (Red Wings – 4);
Алматы – Махачкала (Red wings – 1);
Ақтау – Мәскеу (SCAT - 3, Россия - 3);
Ақтау – Грозный (SCAT - 1 );
Ақтау – Махачкала (SCAT - 1);
Ақтау – Астрахань (SCAT - 2);
Ақтау – Минводы (SCAT-1, Азимут - 2);
Шымкент – Мәскеу (SCAT - 3);
Қостанай – Мәскеу (Россия - 3),
Ақтөбе – Мәскеу (Россия - 4);
Ақтөбе – Қазан (Qazaq Air - 2);
Қарағанды – Мәскеу (Россия - 7);
Атырау – Мәскеу (Россия - 3);
Астана – Түмен (UTAir - 2),
Астана – Уфа (Азимут – 1),
Астана – Краснояр (Россия – 3);
Алматы – Краснояр (Россия – 4);
Алматы – Уфа (Red Wings - 2),
Ақтау – Санкт-Петербург (SCAT - 1),
Алматы – Түмен (UTAir - 2),
Алматы – Сургут (UTAir - 1),
Астана – Санкт-Петербург (SCAT - 2),
Нижний Новгород – Алматы (Red Wings – 1).

Өзбекстанға аптасына 24 рет ұшуға болады. Қазақстандық әуекомпаниялар - 12 рет (Air Astana – 10; SCAT – 2), өзбекстандық - 12 (Uzbekistan Airways – 12).

Астана – Ташкент (Air Astana - 3; Uzbekistan Airways - 3);
Алматы – Ташкент (Air Astana - 7; Uzbekistan Airways - 7);
Ақтау – Ташкент (Uzbekistan Airways - 2); Ақтау – Нүкіс (SCAT – 1);
Ақтау – Ургенч (SCAT - 1).

Туристер Қазақстаннан Мысырға аптасына 22 рейс арқылы ұша алады.

Астана – Шарм-эль-Шейх (Air Astana – 3, SCAT – 3);
Алматы – Шарм-эль-Шейх (Air Astana – 3, SCAT – 5);
Атырау – Шарм-эль-Шейх; (Fly Arystan – 2 чартерлік рейс);
Қостанай – Шарм-эль-Шейх (SCAT – 2);
Ақтөбе – Шарм-эль-Шейх (SCAT – 2);
Шымкент – Шарм-эль-Шейх (SCAT – 1);
Орал – Шарм-эль-Шейх (SCAT – 1).

Германияға аптасына 14 рейс қолжетімді: 9 рейс Air Astana және 5 рейс Lufthansa.

Астана – Франкфурт (Air Astana - 7);
Орал – Франкфурт (Air Astana - 1);
Атырау – Франкфурт (Air Astana - 1);
Франкфурт – Астана/Алматы (Lufthansa - 5).

Таиланд - аптасына 14 рейс. Барлық рейстерді Air Astana орындайды:

Алматы – Бангкок (Air Astana – 7 рейс);
Алматы – Пхукет (Air Astana – 7 рейс).

Сондай-ақ, Қазақстан туристері Грузияға да тікелей ұшады. Аптасына 11 рейс бар. Air Astana аптасына 3 рет, Fly Arystan - 5 рет, SCAT - 3:

Алматы – Тбилиси (Air Astana - 3); Атырау – Кутаиси (Fly Arystan - 2);
Астана – Кутаиси (Fly Arystan - 1); Ақтау – Кутаиси (Fly Arystan - 2);
Ақтау – Тбилиси (SCAT - 3).


Грузия. Фото pixabay.com

Әзербайжанға аптасына 10 рейс ұшады:

Алматы – Баку (Air Astana - 2);
Ақтау – Баку (Fly Arystan - 3; AZAL - 3);
Ақтөбе – Баку (Qazaq Air – 2);

Үндістанға аптасына 10 рейс ұшады. Алматы–Дели бағытындағы рейстерді толықтай Air Astana орындайды.

Кувейтке Алматыдан (7 рейс) және Түркістаннан (2 рейс) аптасына 9 рейс ұшады. Оның барлығын Jazeera Airways орындайды.

Катарға аптасына 9 рейс. Fly Arystan-мен чартерлік рейс арқылы Астанадан және Алматыдан Дохаға аптасына бір бір рейстен орындайды. Сондай-ақ, Алматы-Доха бағытында Qatar Airways 7 рейс ұшады.

Air Astana мен Asiana Airlines Алматыдан Сеулге (Оңтүстік Корея) аптасына 7 және 2 рейс орындайды.

Қытайға аптасына 8 рейс бар:

Алматы – Бейжің (Air Astana – 1);
Алматы – Чэнду (Air Astana – 5);
Алматы – Үрімші (China Southern Airlines – 1);
Астана – Чэнду (Air China – 1).


Түнгі Шанхай. pixabay.com

Қырғызстанға ұшақтар Алматы-Бішкек бағытында 7 рет ұшады, барлығын Air Astana орындайды.

Беларуське ("Белавиа" әуекомпаниясы) Астана-Минск бағыты бойынша 7 рет ұшады.

Тәжікстанға Air Astana мен Somon Air 3 рейстен орындайды. Аптасына 6 рейс Алматыдан Душанбеге ұшады.

Армения астанасы Ереванға Қазақстанның екі қаласынан (Ақтау және Астана) SCAT әуекомпаниясы 5 рейс орындайды.

Мальдив аралдарына Air Astana аптасына бес рет ұшады.

Вьетнам-Нячангқа Алматы мен Астанадан 2 рейстен орындайды. Әуетасымалдаушы - Vietjet Air.

Атыраудан Амстердамға (Нидерланды) Air Astana компаниясының чартерлік рейс арқылы ұшуға болады.

SCAT әуекомпаниясы Сауд Арабиясының Джидда қаласына Шымкент пен Алматыдан аптасына 2 және 1 рет ұшады. Шымкенттен Мединаға 1 рет ұшады.

Түрікменстан-Алматы–Ашхабад (Туркменхаваеллары) аптасына 3 рейс бар.

Иранға-Алматы–Тегеран (Qeshm Air – 1 рейс) бағыты бойынша аптасына 3 рейс; Тегеран–Алматы (Kish Air – 1 рейс); Горган – Ақтау (Kish Air – 1 рейс).

Ұлыбритания - Ақтаудан Лондонға (Air Astana) аптасына 3 рейс.

Моңғолияға аптасына екі рейс: Улан-Батор – Алматы (Hunnu Air).

Италияға Алматы–Милан бағыты бойынша екі рейс (NEOS авиакомпания).

Сейшел аралдарына Алматы - Маэ бағыты бойынша 2 рейс (Air Seychelles).

Польшаға аптасына бір рейс: Астана - Варшава (LOT Polish Airlines).

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная