2025 жылы Ресейден Қазақстанға Амур жолбарыстарын әкелу жоспарланып отыр

Фото:depositphotos.com

Үкімет отырысы барысында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Тұран жолбарысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Үкімет отырысы барысында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Тұран жолбарысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Ведомство басшысы жолбарыстар популяциясын қалпына келтіру бағдарламасын іске асыру аясында 415 мың гектар аумақты қамтитын "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерваты құрылғанын еске салды. Оның айтуынша, 2018-2024 жылдар аралығында резервата жолбарыстың табиғи азықтық базасын қалпына келтіру үшін 205 бұғы әкелініп, 100-ден астам құлан қоныстандырылған, сондай-ақ елік пен қабандардың популяция тығыздығы арттырылған.

"Биылғы күзде Іле-Балқаш резерватына Нидерландыдан екі жолбарыс әкелінді (Тұран жолбарысы популяциясын қалпына келтіру үшін вольерде көбейту мақсатында – еск.). Сонымен қатар, 2025 жылы Ресейден жабайы табиғаттан 3-4 жолбарыс (амур – еск.) жеткізу жоспарланған. Әкелінген жолбарыстар мен олардың ұрпақтары Қазақстан аумағында 70 жылдан астам уақыттан кейін пайда болған алғашқы жабайы жолбарыстар болады деп үміттенеміз", – деді министр.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, 2024 жылы құлан популяциясын қалпына келтіру бағдарламасы аясында "Іле-Балқаш" (42 құлан) және "Алтын-Дала" (24 құлан) резерваттарына құландарды қоныстандыру жұмыстары аяқталды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная