Азаматтық авиация комитетінің өкілдері 2023 жылдың қорытындысы бойынша ұшулардың тұрақтылығы мен көрсетілетін қызметтердің сапасы туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, 2023 жылы 71 895 рейс орындалды, оның ішінде 16 666 рейс кешігумен орындалды, рейстердің уақытылы орындалу пайызы 77-ге тең болды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда жақсарған болса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 74 пайыз болған.
"Кідірістің негізгі себептері - әуе кемесінің кешігіп келуі, адами фактор, қолайсыз метеожағдайлар, техникалық себептер және тағы басқа себептер", - деді ААК өкілдері.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында жұмыс тобы аясында әуе көлігіндегі күрделі метеорологиялық жағдайлар туындаған кезде жұмылдырылған құрылымдардың (әуежай, әуе компаниялар, метеорологиялық қызмет) іс-қимыл алгоритмін қабылдау бойынша жұмыс жүргізілуде.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!