2023 жылдың соңына дейін Қазақстаннан қай бағыттарға әуерейстері ашылады?

© pixabay.com/宅-KEN

Бүгінде Қазақстаннан халықаралық тасымалдар 28 елге 104 әуебағыт бойынша орындалады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ИИДМ Азаматтық баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгінде Қазақстаннан халықаралық тасымалдар 28 елге 104 әуебағыт бойынша орындалады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ИИДМ Азаматтық баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орталық коммуникациялар қызметінде азаматтық авиацияны дамыту және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша баспасөз конференциясы өтті. Шарада Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, Қазақстан авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду және Эйр Астана, SCAT, Qazaq air авиакомпанияларының басшылығы сөз сөйледі.

Ұшулардың жүйелілігін арттыру үшін авиакомпаниялармен бірлесіп ұшақтар паркін толықтыру жоспары қабылданды. 2022 жылы 14 әуекеме келіп, әуе паркі 87 бірлікті құрады, 2023 жылы ол 13 әуекемеге толықтырылады (үшеуі келді) және жылдың соңына қарай 100 әуекеме болады. Жалпы, 2024-2025 жылдары парк 29 бірлікпен толықтырылады (сыйымдылығына +53 пайыз) және 129 ұшақ. Борттар санының артуы жүйелілікті арттырады және соның салдарынан авиабилеттер құнының төмендеуіне ықпал етеді.

Реклама
Реклама

"Ағымдағы жылы 18 халықаралық бағыт ашу жоспарлануда, оның 9-ы ашылды. Жыл соңына дейін Доха, Куала-Лумпур, Анкара, Карачи, Лахор, Джидда, Маскат, Прага және Тель-Авивке тағы 9 жаңа халықаралық бағыт ашылады деп күтіледі. 2025 жылға дейін Мумбай, Гонконг, Вена, Токио, Сингапур, Нью-Йорк және басқа қалаларға әуе рейстерін ашу жоспарланған", - делінген ААК хабарламасында.

Сурет ААК баспасөз қызметінен

Әуе көлігінің инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Былтыр 5 жоба іске асырылды, атап айтқанда Орал және Қостанай әуежайларындағы терминалдарды, Өскемен, Үшарал, Үржар әуежайларындағы ұшу-қону жолақтары қайта жаңартылды.

Қазіргі уақытта 4 жоба іске асырылып жатыр. Алматы әуежайында жаңа халықаралық терминал салынып жатыр. Пайдалануға беру - келесі жылдың жазында. Орындалған жұмыстардың жалпы көлемі 60 пайыз.

Бұдан басқа, жеке инвестициялар есебінен Шымкент, Қызылорда әуежайларында жаңа жолаушылар терминалдарының құрылысы және үкімет резерві есебінен телескопиялық трап құрылғысымен және келу залын салумен Қостанай әуежайының аэровокзалын қайта жаңарту жалғасады.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Павлодар қаласы әуежайының ҰҚЖ және рульдеу жолағын, Балқаш қаласы әуежайының перронын реконструкциялау мәселесі пысықталды. Сонымен қатар, қуаты аз аймақтық әуежайларды субсидиялау бағдарламасы іске қосылды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная