2022 жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 3 есе өсті

© pixabay.com

Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысында министр Асхат Оралов 2022 жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 3 есе өскенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ҚР МСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысында министр Асхат Оралов 2022 жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 3 есе өскенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ҚР МСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша шетелдік туристердің жалпы саны 610 мың адамға жеткен. Салыстырып қарағанда, 2021 жылғы осындай кезеңнің қорытындысы бойынша 9 айда Қазақстанға 208,5 мың шетелдік қонақ келген. Динамика 2022 жылы 1,3 миллиард АҚШ долларына дейін өскен, бұл қызмет көрсету экспортына жағымды әсерін тигізді. 2021 жылы сол кезеңдегі экспорт сомасы 395 миллион АҚШ долларын құрады.

"Әрине, пандемиядан кейінгі кезеңді де ескеру керек. Бірақ 2022 жылы жағдай айтарлықтай жақсарды. Министрлік Қазақстан бойынша "Қазақстан Гранд-турының" негізіне кіретін бес басым бағытты әзірледі. Бұл – қазірдің өзінде сұранысқа ие тартымды маршруттар. Бірақ олардың барлығы көптеп келетін туристерді қабылдауға дайын деп айтуға келмейді. Сондықтан біз әкімдіктермен бірге инфрақұрылымды жақсартып, таңдалған бағыттар бойынша туристер үшін жағдай жасауды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ туризм саласы қызметкерлерін оқыту және олардың біліктілігін арттыру, туроператорлармен бірге мақсатты нарықтарда турларды ілгерілету бағытында жұмыстар жүргізілетін болады", - деп атап өтті Асхат Оралов.

Реклама
Реклама

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная