2022 жылы еліміздің туристік демалыс орындары қанша табыс тапты?

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің басшысы Асхат Оралов туризм мәселелері жөніндегі кеңейтілген алқа отырысында 2022 жылы туристік демалыс орындары иелерінің қанша табыс тапқаны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

2022 жылы туристік демалыс үшін түрлі орын иелерінің табысы 160 миллиард теңгеге дейін өсті. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштерден 60 пайызға артық.

"Мысалы, Атырау облысында туристердің 3,5 есе, яғни 2021 жылы 30,5 мың адамнан 2022 жылғы 108 мың адамға дейін өсуі байқалады. Бұл өңірдің транзиттік әлеуетіне байланысты. Сонымен қатар әрбір 4-турист Алматы қаласына барады. Аталған кезеңде оңтүстіктегі астанамыз туристердің рекордтық санын - 1,2 миллионнан аса қонақты қабылдады", - деп атап өтті министр.

Пайданың өсуі елдің барлық өңірінде тіркелгенін қоса айтып кету керек. Атырау облысында 3 есе болса, Алматы қаласында - 2 есеге өскен. Ал 5 өңірде (Астана қаласы, Ақмола, Павлодар, ШҚО+Абай, Маңғыстау облыстары) 60 пайыздан 75 пайызға дейін өскен.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!