2022 жылы Балқаш көлінде демалу қанша тұрады

Фото ©Shutterstock

2022 жылдың жазғы маусымында Балқаш көлінде демалу да жақындап қалды. Демалыс орындарының иелері дайындықты аяқтап, бағасын қойып жатыр. Kaz.tengritravel.kz тілшісі Балқашта демалу 2022 жылы қанша болатынын және маусым қашан басталатынын білді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2022 жылдың жазғы маусымында Балқаш көлінде демалу да жақындап қалды. Демалыс орындарының иелері дайындықты аяқтап, бағасын қойып жатыр. Kaz.tengritravel.kz тілшісі Балқашта демалу 2022 жылы қанша болатынын және маусым қашан басталатынын білді.

Көлдің батыс бөлігінде су тұщы, жағасы тасты. Бұл жағындағы шипажайлар Шұбар-Түбек және Тораңғалық ауылдарында орналасқан. Ал оңтүстік-шығыс бөлігінде су тұзды, жағасы құмды. Демалыс аймақтары Лепсі ауылының маңында орналасқан.

Балқашта шомылу маусымы маусым айының ортасында басталып, қыркүйекте аяқталады. Маусым мен тамыз айларында демалу арзан болады. Шілдеде сұраныс жоғары, сондықтан бағалар қымбат болуы мүмкін. Жұмыс күндері бағалар төмен, демалыс күндері баға шамамен 30 пайызға көтеріледі. Құны демалыс аймағының орналасқан жеріне, оның жағалаудан қашықтығына, деңгейіне де әсер етеді. Баға бір адамға 3 мыңнан 10 мың теңгеге дейін болады.

Реклама
Реклама

Демалыс аймақтары әкімшілерінің айтуынша, жыл сайын орналастыру орындары әртүрлі режимде жұмыс істейді. Мысалы, Шұбар-Түбек ауылы жағындағы демалыс орындарының бірінің директоры Камила Досжанның айтуынша, қонақтарды қабылдауға дайын.

"Қазір бізде ашылуға дайындық жүріп жатыр. Азық-түлік, жиһаз сатып аламыз, нөмірлерді жинаймыз, аумақты ретке келтіреміз, жайлылық жасаймыз. Мамырда шомылуға әлі салқын, шомылу маусымы маусымның ортасынан басталады. Брондау 10 мамырда ашылды. Бағалар сайтта және әлеуметтік желілерде жарияланды", - деді ол.

Тораңғалық кентіндегі тағы бір демалыс орны сәуірдің ортасында брондауды ашты. Ал туристерді қабылдау 1 маусымнан басталады. Бағалар әлеуметтік желілерде және сайтта жарияланған. Мәселен, 2022 жылғы 20 маусымға дейін көлдің жағасындағы турбазада жұмыс күні бір адамға 5 мың теңге, ал демалыс күндері 7 мың теңге тұратын жуынатын орын, тоңазытқыш және кондиционері бар жай бөлме болады.

"Бұдан жайлы бөлме (теледидар және ыстық сумен) - 6 және 8 мың теңге. 2022 жылғы 21 маусымнан бастап жұмыс күндері 9 мың теңге және демалыс күндері 11 мың теңге болады. Бес жасқа дейінгі балалар тегін орналастырылады, ал үлкендерге 50 пайыздық жеңілдікпен қосымша орын беріледі. Тамаққа қосымша төленеді - бір адамға күніне үш рет тамақтану үшін 4 мың теңге. Бронь тәулігіне алдын ала төлем бойынша жүзеге асырылады. Кіру сағат 14:00-де, шығу 12:00-де", - деді әкімгер Әсел Құрманова.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная