2022 жылы Алакөлге әуе билетін 14 мың теңгеге сатып алуға болады

2022 жылдың жазында қазақстандықтар республикалық бюджеттен субсидиялау арқасында Алакөл мен Балқашқа Нұр-Сұлтан мен Алматыдан тікелей рейстермен ұша алады, деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. Осылайша, Алматы - Үржар әуе билеті 14 мың теңгеге түседі.

Қазақстандықтарға Үшарал мен Үржар қалаларына аптасына жеті-он рейс қолжетімді болады. Алакөл көлінің шығыс және оңтүстік жағалауына ұшуға болады.

Сондай-ақ, Түркістан қаласына субсидияланатын рейстер Қазақстанның 10 қаласынан: Қостанай, Қарағанды, Өскемен, Орал, Петропавл, Көкшетау, Талдықорған, Ақтөбе, Ақтау және Павлодардан аптасына үш рет ұшады.

"2022 жылы республикалық бюджеттен субсидияланатын 23 әуе маршрутына, оның ішінде Түркістанға - 10, Көкшетау, Петропавл қалаларына - үш, Балқаш, Үржар және Үшарал қалаларына екі бағыттан конкурс өтті", - делінген хабарламада.

Әуе билетінің құны 9 мыңнан 25 мың теңгеге дейін болады. 2022 жылы SCAT, Qazaq Air және "Южное небо" әуекомпаниялары осы бағыттарды орындауға тасымалдаушылар болып белгіленді.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме сілтеме бойынша жүктеуге болады.