2020 жылы қанша қазақстандық шетелде демалды

2020 жылы Қазақстанда шетелге шыққан туристер саны 2019 жылмен салыстырғанда төрт есе, ал олардың сапар шығындары үш еседен аса қысқарды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, қазақстандық саяхатшылардың шығу туризмі саласындағы шығыны 2019 жылы 294,2 миллиард теңгені құрады. 2020 жылы олар 2,7 есе қысқарып, 107 миллиард теңге болды. Саяхатшылар ел ішіндегі сапарға 64,7 миллиард теңге жұмсады. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 2,5 есе аз. Саяхатшылардың шетелдік сапардағы шығыстары 42,2 миллиард теңгені құрады. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 3,2 есе аз.

Саяхатқа ең көп ақша жұмсаған - Алматы тұрғындары (39,9 миллиард теңге). Екінші орында - сапарға 23,4 миллиард теңге жұмсаған Нұр-Сұлтан тұрғындары. 13,3 миллиард теңгені Қарағанды облысының, 7,3 миллиард теңгені Алматы облысының, 4,9 миллиард теңгені Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары жұмсады. Қалған өңірлердің тұрғындары саяхатқа жалпы сомасы 18,1 миллиард теңге жұмсады.

2020 жылы жеке мақсаттағы сапарларға жұмсалатын шығындар 2019 жылмен салыстырғанда 2,7 есе қысқарып, 91,1 миллиард теңгені құрады; іскерлік және кәсіптік сапарларға шығындар 3,2 есе азайып, қазақстандықтар 15,9 миллиард теңге жұмсады.

Қазақстандықтар ел ішіндегі сапарларға 56,2 миллиард теңге, ал шетелдерге 34,9 миллиард теңге жұмсады.

Белгіленген жерге дейін жету және кері қарай жол жүруге көлік шығысы ҚР аумағындағы саяхатшылар шығындарының жартысынан астамын - 37,3 миллиард теңгені құрады. Олар тұруға 7,4 миллиард теңге, тамақтануға 6 миллиард теңге жұмсады.

2020 жылы бар-жоғы 811,8 мың қазақстандық шетелге саяхаттаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,7 есе аз. 707,3 мың адам жеке мақсаттарымен сапарға шыққан, 318,2 мың адам достары мен туыстарына барған, ал 302,2 мың адам демалуға кетті.

Іскерлік және кәсіби мақсаттармен сапарларға 104,4 мың адам шыққан. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 3,1 есе аз.

Шетелге шығындардың басым бөлігі тауар сатып алуға - 15,2 миллиард теңге жұмсалған. Киім-кешек пен аяқ киімге 7,2 миллиард теңге, кәдесыйлар мен сыйлықтарға 3,8 миллиард теңге, техникаға 1,3 миллиард теңге, басқа тауарларға 2,9 миллиард теңге болды. Шетелде тамақтану шығындары 8,3 миллиард теңгені, тұру шығындары 4,6 миллиард теңгені құрады.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!