Мұнда сіз жылы жасыл-көк түске боялған суда жүзіп, жыртқыш аңдарды суретке түсіріп және жергілікті аңыз бойынша Хауа ананың алғаш алма үзіп алған бағын тамашалай аласыз. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі Түркістан облысындағы әсем Сайрам-Өгем ұлттық саябағындағы Мақпал тау көлі жайлы баяндайды.
Теңіз деңгейінен 2100 метр биіктікте екі үлкен футбол алаңындай тау көлі бар. Бұл – Сайрам-Өгем ұлттық саябағының нағыз інжу-маржаны, Өгем жотасының ең биік көлі, ол жерден Қаржантау жотасының барлық әсемдігі мен Өгем өзенінің кең алқабын көруге болады.
Сайрам-Өгем ұлттық паркінің табиғи ландшафты. Фото ©Shutterstock
Көл "тостаған" түрінде орналасқан – шығыс жағында биік жартастармен қоршалған, батыс жағында альпі шалғыны, ал оңтүстік жағында көл бұлақтарды қоректендіреді, ол су қоймасына жасыл көк түс береді. Медитация үшін ең қолайлы орын - өзеннің сылдыры мен таулардың асқақтығы табиғатпен және тыныштықпен астасып жатыр. Көлдің суы шомылуға шақырып тұрғандай дейді осы жерді аралаған саяхатшылар. Жылы кезде жағалаудағы аудандарда су 18 градусқа дейін қызады. Бірақ су қоймасының тереңдігі 15 метр екенін ескерген жөн.
"Мұнда табиғаттың үндестігі ерекше сезіледі – көкте бүркіт қалықтайды, оңтүстік жартастарда ұлар шулайды, жартастардың биік шөпті беткейінде тау ешкілері жайылып жүр", - деп жазады Мақпал тау көліне саяхат ұйымдастыратын гидтер.
Көлге дейінгі жол жаман емес, бірақ бұл жол жеңіл болады деген сөз емес. Белсенді өмірді сүйетін Кристина Ширнаева, құрбыларынан тау көлі жайлы естіп, ол туралы мәлімет іздей бастайды.
"Біз бұл көл жайлы таныс альпинистер мен тауға шығуды сүйетін адамдардан естіп-білдік. Көлге барар жол қиын екенін де алдын ала білдік, суреттері де аз екен. Сол арада бару қажет деп шешім қабылдадық.
Жолды Өгем ауылы мен осы аттас Өгем өзенінен бастадық. Бір жаққа шамамен 15 шақырым болатын. Бұл шамамен сегіз сағатқа созылды. Бір қиыны, біздің команданың ешқайсысы нақты бағытты білмеді, картаны басшылыққа алып, білетін адамдардан сұрадық. Ішінара қар басқан көрікті гүлді шалғынды аралап, 2800 метрлік жотаға шығып, Өгемнің сұлулығына ұшар биіктен тамашалап, оны бойлай жүрдік. Шалғынды аралап жүргенде, бұлт төбемізге тигендей болды – Өгемнің табиғаты сондай әдемі, көркем.
Жол ортасын акелгенде қойшының үйін кездестірдік, ол бұл жерде жаз бойы тұрады екен. Бізді, біздің арқамыздағы салмағы 30 келіге жететін сөмкемізді көріп, бізді үйге шақырды. Дастархан жайып, жаңа піскен анан мен сары май ұсынды, тау шөптерінен қайнатқан дәмді шаймен сыйлады. Ары қарай қалай жүру керектігін сұрап алып, жолға тарттық.
Жотаға көтерілгенде, біз одан да биікке жеткенімізді түсіндік, бұл бізді қынжылта қоймады, бірақ алдымызда теңіз деңгейінен 2100 метр биіктікте орналасқан көлге дейін бұралаң жол болатын. Яғни, жотадан 700 метр төмен түсуге тура келді. Түсу шамамен бір сағатқа созылды. Айналада адам ізі жоқ. Бірақ бізді байқап қалып қашқан тау ешкілерін көрдік. Айтпақшы, ол жерде көптеген тасталған мүйіздерді көруге болады.
Шатырлар тұрағына жартасты қызыл тұ\үске бояған күннің қызарып батқанында келдік. Ол көлге қызғылт түс берді. Айтпақшы, көлдің жанында тауешкілер мекен еткен үңгір бар, көлдің айналасында жабайы қабанның іздері жатыр, көп өсімдіктерді түп тамырымен жұлып тастаған сыңайлы.
Біз әр адым аттаған сайын аюдың ізін көріп, үрейлендік. Олар өте көп болды, тіпті тобымен жүрген болар. Біз тезірек от жағуға тырыстық. Тауда қараңғылық ерте түседі, сондықтан шатырларымызды тігіп, оттың айналасына қалың оранып отырып, неше түрлі қорқынышты әңгімелер айттық. Алыстан жабайы мысықтың дауысы естілді. Кейінінрек, бізге ол мысық емес, барыс болуы мүмкін деп айтты.
Таңда біз көлдің салқын суына шомылуға келдік. Әдетте көлдің суы мұздай болушы еді, тек мұнда емес. Суы керемет жанға жағымды, әрі таза! Осындай табиғат аясында өзіңмен өзің қалғанда, біз бұл дүниеде тек қонақ пыз, со үшін табиғатты аялап, сақтауымыз қажет екенін, Жер-Ананың күшін шынайы сезінуге болады.Бұл көл менің көңілімнен шықты, бұл жерге тағы да келуді армандаймын", - деп әңгімесін әсерлі жеткізді саяхатшы қыз.
Алайда Мақпал көлі Кристинаның ғана көңілінен шықты дей алмаймыз. Сөйтіп, 2020 жылы шымкенттік жас жұбайлар үйлену тойының фотосессиясын осында өткізуді ұйғарды. Ақ көйлек киген қалыңдық пен салтанатты костюм киген күйеу жігіт тікұшақпен көлге келді.
Публикация от Артем Орлянский (@orlyanskiy.photo)
Тау көліне жетудің тағы бір жолы - атпен жүру. 45 шақырымдық жол Өгем кордоны мен Диерменбастау шатқалынан өтеді. Айтпақшы, шатқалдың беткейлері жабайы раушан бұталарымен көмкерілген, мұнда жабайы Сиверс алма ағашы өседі.
Қызық дерек.
Бұл алмалар өз атауын 1796 жылы алма ағаштардың әр түрін зерттеген петерборлық ботаник Иоганн Сиверстен алды. Біздің планетамыздың барлық алма ағаштары Сиверс алмасынан шыққан деп саналады. Алманың 2500 сортына жүргізілген зерттеулер Сиверс сорты шынымен де жер бетіндегі барлық алма ағаштарының бастауы екенін растады. Алма ағашының тура мағынасында да, астарлы мағынасында да тамыры өте терең. Ғалымдар алғашқы Сиверс алмалары 65 миллион жыл бұрын пайда болған деп есептейді. Ал тамырлардың жерге терең енуінің арқасында алма ағаштары өте төмен және жоғары температураға шыдай алады және 300 жылға дейін өмір сүреді. Франциядан келген биолог Кэтрин Пакс Іле және Жоңғар Алатауының алма бағын аралап көрді, одан кейін "Алманың шығу тегі, немесе Эдемнің жұмақ бағы" фильмі – барлық алма ағаштарының шығу тегі туралы 55 минуттық деректі фильм түсірілді.
Ғалымдар "алғашқы алманы" дәл осы жерде, Сиверс алма ағашының жабайы бақтарынан "алғашқы әйел" үзіп алды деп бекер айтпайды. Назар аударыңыз, тарихтағы ең үлкен азғыру, яғни тыйым салынған жеміс туралы аңыз Киелі кітапта жазылған, бірақ Хауа ананың нақты қандай жемісті алғаны көрсетілмеген. Мұның бәрі латынның "алма" – mālum және "зұлымдық" – malum сөздерінің жазылуындағы ұқсастықта екені де жоққа шығарылмайды.
Жабайы бақтар қабандар мен Тянь-Шань аюының қоректенетін жері екенін айта кеткен жөн. Сақ болыңыз.
Публикация от Походы и туры в Шымкенте (@elena_belova_garmoniya)
Мақпал көлінен Өгем ауылына дейін 15 шақырымдық жаяу және атпен жүретін жол жүреді. Бұл шағын ауыл 19 үйден тұрады. Қыста мұнда тек трактормен немесе атпен жетуге болады. Бұл ретте бастауыш мектеп, дүкен бар, үйлерде спутниктік антенна арқылы теледидар көреді. Тұрғындар егін шаруашылығымен айналысады, ұлттық саябақта жұмыс істейді, сирек келетін саяхатшыларды күтеді.
Публикация от ЭКСПЕДИЦИЯ ЮГ (@south.expedition)
Мақпал көліне қалай жетуге болады
Жол Өгем өзені арқылы өтетін көпірден оңтүстік бағытта басталып, табиғаты көрікті аумақтан өтеді. Екі жарым сағаттан кейін соқпақ шығысқа бұрылады. Әрі қарай жол оңтүстік бағытта Диерменбастаудың табиғи шекарасына апарады. Ол жерден екі мың метр биіктікте, шатқалдың жоғарғы ағысында Қаржантау мен Өгем жоталарының және Өгем өзенінің таңғажайып көрінісі ашылады.
Әрі қарай шығысқа қарай күрт бұрылып, төбешікпен аяқталатын Азартеке шатқалының жоғарғы бөлігі – Өткел асуымен (2790 метр) жүру керек. Көлге түсу еңіс және ұзақтау. Жол жүру уақыты алты сағатты құрайды. Жаяу жүру жолының барлық сипаттамасы берілген төлқұжатын осы жерден қарауға болады.
Видео Youtube/navintah
Суреттерді Кристина ұсынды @dzhekikollinz Ширнаевой
Мақпал тау көлі Сайрам-Өгем ұлттық саябағының аумағында орналасқанын есте ұстаған жөн. Өгем ауылындағы көлге өту алдында "Сайрам-Өгем" мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының бақылау-өткізу пункті орнатылды. Ол жерде билет сатып алу керек, бір адамға тәулігіне 492 теңге. Сондай-ақ, жеке куәлігіңізді өзіңізбен бірге алып келуді ұсынамыз.
Саяхаттау - ол да бір жауапкершілік екенін Авиата еске салады. Кейінгі ұрпақтың салауатты өмірі үшін және қайтар жолымыздың тазалығы үшін табиғатты барынша аялайық. Табиғаттың ертең қандай болары біздің қолымызда. Бастаманы қолдау үшін өзіңіздің "саналы" саяхаттарыңыздан #jasylbolsyn Авиата хэштегімен фотосуреттер мен бейне-видеоларды жүктеуге болады.
Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.