2-3 күнге қонақүйді қалай таңдау керек?

© pixabay.com

Сіздің сапарыңыз небары бірнеше күнге созылса да, тоқтайтын жеріңізді дұрыс таңдау өте маңызды. Брондау сервисінің әдемі суреттеріне алданып қалмас үшін "Рамблер" назар аудару керек сипаттамалар тізімін құрастырды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сіздің сапарыңыз небары бірнеше күнге созылса да, тоқтайтын жеріңізді дұрыс таңдау өте маңызды. Брондау сервисінің әдемі суреттеріне алданып қалмас үшін "Рамблер" назар аудару керек сипаттамалар тізімін құрастырды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Номірдің жалпы көлемі

Реклама
Реклама

Егер бөлменің кең әрі ыңғайлы болғанын қаласаңыз, кем дегенде 35-40 шаршы метр болатын алаңды таңдау қажет.

Қонақүйдегі номір саны

200-300 бөлмелі қонақүй сізге тыныштық сезімін береді. Mariott және Hilton сияқты танымал желілерде 400-500 нөмір орынды болуы мүмкін. Бөлме қоры көбірек болған кезде, қонақүйдің меймандарға толып кету ықтималдығы жоғары, ал қызметкерлер қонақтарға тиісті назар аудара алмауы мүмкін.

Шу факторы

Жол, шулы көшелер, туристік орталықтар және қонақүйдің жанындағы басқа да "шулы" нысандар, егер сіз үшін тыныштық маңызды болса, ыңғайсыздық тудырады. Қонақүйді таңдағанда, сіз Google Maps көмегімен "қоршаған ортаны барлауға" немесе әкімшіден бөлмелердегі терезелер жақсы дыбыс өткізбейтінін сұрай аласыз.

Нөмірдің нақты бағасы

Сайтта көрсетілген баға жоғары болуы мүмкін. Болжаммен сіз салық, таңғы ас, қажет болғанда - wi-fi-ға қосылу немесе тұрақ ақысын төлеуіңіз мүмкін. Сіз брондау кезінде салық төлейтініңіз туралы білмеуіңіз де мүмкін, мұны тек қонақүйден шығатын кезде бірақ білуіңіз мүмкін: ол нөмір бағасына кіруі мүмкін немесе қосымша төлеуі мүмкін.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная