114 жаңа халықаралық әуе рейсі қазақстандықтарға қолжетімді болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет ©Shutterstock Көрнекі сурет ©Shutterstock

2021 жылғы 21 қыркүйектен бастап аптасына 114 рейспен 16 елмен арада орындалатын тұрақты халықаралық рейстер санын ұлғайтуға, жаңартуға және ашуға рұқсат етілді. Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Мынадай рейстер саны көбейеді:

  • Ресеймен арада 54 рейс;
  • Түркиямен – 7;
  • БАӘ-мен – 9;
  • Өзбекстанмен – 5;
  • Германиямен – 5;
  • Мальдивпен – 3;
  • Кореямен – 6;
  • Польшамен – 2;
  • Венгриямен – 1;
  • Сауд Арабиясымен - 1 рейс орындалады.

Сонымен қатар, Чехиямен аптасына 2 рет, Қытаймен аптасына 8 рейс, Әзірбайжанмен аптасына 3 рейс тұрақты түрде ұшатын болды.Сондай-ақ тұрақты рейстер Италиямен аптасына 2 рет, Шри-Ланкамен аптасына 3 рет, Кувейтпен аптасына 3 рет орындалады.

Қазір әуе компаниялары ұшу кестесін құрып жатыр. Рейстерді орындау осы көрсетілген елдердің тиісті уәкілетті органдарымен келісіледі. Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel