Жүзге жуық жолаушы ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматыдан Шымкентке ұша алмай отыр. Шымкентте қатты соққан желдің салдарынан Алматыдан ұшатын рейс кешігіп жатыр. 100-ге жуық жолаушы он сағаттан бері өз рейсін күтуге мәжбүр болған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Алматы-Шымкент бағытындағы әуерейстің жолаушылары редакцияға хабарласып, ұша алмай жатқандарын жеткізген. Олар таңғы жетіде ұшу керек болған, алайда әлі де әуежайда күтумен отыр.
Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметі осы жағдайға байланысты пікір білдірді.
"Алматы-Шымкент бағыты бойынша 971 рейсі Алматы уақыты бойынша сағат 07:55-те жоспарланған болатын. Алайда, Шымкент әуежайындағы қатты желдің салдарынан рейс бірнеше рет кейінге қалдырылды. Шымкент әуежайы 28 бағыты бойынша қонуға рұқсат береді. Ол қазір 17:00-ге дейін кешіктірілді, бірақ әлі де кідіріс болуы мүмкін. Ауа райы жағдайы жақсарғаннан кейін ғана Air Astana ұшудың қауіпсіз өтетініне көз жеткізгеннен кейін біз рейсті орындаймыз. Әзірге болжам қолайсыз, ауа райының қашан жақсаратыны белгісіз. Кешігу әуекомпанияның кінәсінен емес", - деп түсіндірді Air Astana корпоративтік коммуникациялар жөніндегі менеджері Тілек Әбдірахымов.
Оның айтуынша, Шымкент әуежайында ұшу-қону жолағының біріне шектеу қойылғанын айтты. Бұл курс ұшақтың бұрылуына және желге қарсы отыруына мүмкіндік беретін еді. Қауіпсіздік техникасы бойынша ұшақтарға қатты желдің бағытында отыруға тыйым салынады. Шымкент әуежайындағы шектеулердің себептері туралы Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің төрағасы Каталин Раду толығырақ айтып берді.
Кешіккен рейстің жолаушыларына снэктер мен сусындар берілді. 44 жолаушыға әуежай асханасында тегін ыстық түскі асқа ваучерлер берілді. Балалары бар екі жолаушы қонақүйге орналастырылды, тағы екеуі трансфермен қамтамасыз етілді.
Тілек Әбдірахымов ыстық тамақ алғысы келетіндерге жердегі қызмет көрсету агенттеріне жүгінуге кеңес берді.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!