1 сәуірден бастап "Шымбұлаққа" тек электромобильдерге кіруге рұқсат беріледі

Көлік жүктемесі мен қоршаған ортаға антропогендік әсерді азайту мақсатында Алматы қаласының әкімдігі "Алматы қаласының кейбір аумақтарына көліктің кіруін шектеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізілді. Өзгерістер 2023 жылы 1 сәуірден бастап күшіне енеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"Шымбұлақ" тау шаңғы курорты аумағына көліктердің барлығына кіруге шектеу қойылады, тек мына көлік түрлеріне рұқсат етіледі:

  • Электрлік қозғалтқыш автокөліктері (электрмобиль);
  • шұғыл, жедел, коммуналдық және арнайы қызметтер мен арнайы текхникалар.

Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, қолданылған шаралар көліктен шығатын ластағыш заттардың көлемін азайта отырып ерекше қорғалатын табиғи аумақта қоршаған ортаға тигізетін кері әсерді төмендетуге мүмкіндік беретін болады.

"Осыған дейін сол жердің тұрғылықты тұрғындары мен жекеменшік иелеріне қозғалтқыш типіне қарамастан "Шымбұлақ" ТК аумағына кіруге рұқсат етілетін", - деді қалалық әкімдік өкілдері.

2023 жылы 1 қыркүйектен бастап "Медеу" МАТП аумағында орналасқан кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғаларға тиесілі және (немесе) соларға қызмет көрсететін көліктерге шектеу күшіне енеді.

Осы орайда шағын және орта бизнес субъектілеріне электр қозғалтқышты көлік сатып алу үшін "Алматы" ӘКК" АҚ қарасты "Алматы" МҚҰ" арқылы 7 жылға дейінгі мерзімге 6 пайыз жылдық мөлшерлемемен 30 млн дейін кепілді жеңілдетілген несие алу мүмкіндігі беріледі. Борышкердің жеке меншігі сатып алынатын көлік құралының 50%-нан кем болмауы тиіс.

Іштен жанатын сұйық отынды қозғалтқышпен жүретін көліктердің жүрісін шектеудің негізгі мақсаты – зиянды шығындыларды азайтып, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны тиімді пайдалану. Халықаралық тәжірибеге сәйкес мұндай экологияық аумақтар "зиян шығындылардың төмен деңгейі аумағы" дегенді білдіретін "Low Emission Zone" (LEZ) белгісімен белгіленеді. Шетелде LEZ жүйесі жыл бойы 24/7 демалыс күндері де әрекет етеді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!