1 мамырдан бастап елорда әуежайында шектеулер енгізіледі

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы баспасөз қызметі

Биыл 1 мамырдан бастап елорда әуежайының ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жүргізуге байланысты шектеулер енгізіледі, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Биыл 1 мамырдан бастап елорда әуежайының ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жүргізуге байланысты шектеулер енгізіледі, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Астана қаласының әуежайын толық жаңғыртуға байланысты дайындық жұмыстары жалғасып жатыр.

Көлік министрлігі елорда әуежайы басшылығымен бірлесіп, отандық және шетелдік әуе компаниялардың өкілдерімен кеңес өткізді. Бірқатар келіссөздің, ауа райы болжамының, әуежайдың әртүрлі уақыт кезеңдеріндегі жүктемесін зерделей келе, жолаушылар үшін туындайтын қолайсыздықтардың салдарын азайту мақсатында түнгі уақытта күрделі жөндеу жүргізу туралы шешім қабылданды.

Реклама
Реклама

"Осылайша, 2024 жылғы 1 мамырдан 24 желтоқсанға дейін жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін Астана қаласының әуеайлағында ұшақтардың ұшып-қонуына шектеу қойылады. Бұл іс-шара әуежай ұсынатын қызметтердің сапасына кері әсер етпейтінін атап өту маңызды", - делінген ведомство хабарламасында.

Өз кезегінде ұшу-қону жолағын күрделі жөндеу бойынша жұмыстар барлық қажетті құрылыс нормалары мен қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып, Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің тұрақты бақылауымен жүзеге асырылады.

Айта кетейік, әуежайдың ұшу-қону жолағы 20 жылдан астам уақыт бұрын пайдалануға берілген. Сенімгерлік басқару кезеңінде инвесторға әуежай жолағын күрделі жөндеуден өткізу міндеті артылып отыр. Жоба инвестордың жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылатынын атап өту керек. Осы орайда рейстер кестесіне өзгерістер енуі мүмкін. Сондықтан жолаушыларға әуе компаниялар мен әуежайдың анықтамалық қызметтерінен рейстің мәртебесін нақтылауы қажет.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная