Қазақстанның әуежайларында тегін тілашар пайда болды

Мамырдың басынан бастап Қазақстанның әуежайларында қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі тілашарларды пайдалануға болады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Бұл - жаныңызда алып жүруге ыңғайлы ықшам кітаптар. Онда саяхатшыға қажет болуы мүмкін пайдалы сөз тіркестері жинақталған. Айтпақшы, олар тегін.

Авиата командасы елдің әртүрлі аймағына саяхаттайтын кейіпкерлері бар бес тілашар нұсқасын жасады. Әрбір сөздікте біздің ең сүйікті көрікті жерлеріміз - Бурабай, Каспий теңізі, Шымбұлақ және еліміздің басқа да көптеген негізгі орны туралы айтылады.

Қағаз нұсқаларын мына қалалардың әуежайынан табуға болады:
● Астана
● Алматы
● Ақтау
● Атырау
● Ақтөбе
● Қарағанды
● Көкшетау
● Шымкент
● Түркістан

Ал тілашардың электрон нұсқасын сілтеме арқылы жүктеуге болады.

Әдемі, түрлі-түсті кітаптар сапардан тамаша кәдесый немесе пайдалы саяхат құралы да бола алады.
Егер әуежайда тілашарды көрсеңіз, міндетті түрде алыңыз. Әлеуметтік желілерде жариялаңыз және Авиатаны белгілеңіз!