Aviata.kz-те акция: SCAT халықаралық бағыттарына -10 000 теңге

Aviata.kz сервисінде эксклюзив акция басталды. 26 маусымнан 1 шілдеге дейін Астанадан шетелге SCAT әуебилетін Авиатада сатып алу арқылы тапсырыстан 10 000 теңге жеңілдікке ие боласыз.

Астанадан Ыстамбұлға, Мәскеуге, Санкт-Петербургке және Батумиге ұшуға болады.

Реклама
Реклама

26 маусымнан 1 шілде аралығында билет алып, кез келген уақытта ұшыңыз!

Мысалы, қыркүйекте Ыстамбұлға ұшуға болады. Онда ауа райы жаз секілді жылы, шілде тамызға қарағанда жайлы болады. Қыркүйектің бірінші жартысында теңіз суы суып кетпейді, яғни шомылуға болады. Кешірек салқындай түседі, сол себепті серуендеу үшін пиджак не жемпір алғаныңыз жөн.

Студенттер және ЖОО-ға түсушілер оқу басталатын уақытқа Мәскеуге не Санкт-Петербургке билетті Авиатадан тиімді бағаға ала алады. Оқудан қайтатындар үшін де үнемдеуге жақсы мүмкіндік. "Питердегі" көпірлерді, Мәскеудегі Қызыл алаңды тамашалауға болады.

Батумиге шілде не тамызда баруға болады, бұл кезеңде теңіз суы жылы болады. Қыркүйекте де ауа температурасы жайлы. Қоғамдық көлік желісі жақсы дамыған, сіз Грузияның бір қаласынан екіншісіне емін-еркін жете аласыз. Мысалы, Батумиден Тбилисиге автобуспен 6 сағат 30 минутта немесе пойызбен 5 сағатта баруға болады.

Сілтеме арқылы өтіп акция жайлы толық мәлімет алыңыз және саяхатқа аттаныңыз!