Швейцария

© pixabay.com

Қысқаша мәлімет

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қысқаша мәлімет

Орналасуы: Орталық Еуропадағы федератифті мемлекет
Астанасы: Берн
Ірі қалалары: Женева, Цюрих, Базель, Лозанна, Люцерн
Жер көлемі: 41 284 шаршы шақырым
Телефон коды: +41
Қазақстанмен уақыт айырмашылығы: -4 сағат
Сағаттық белдеуі: GMT+2
Виза: шенген
Тілі: неміс диалектісі
Валютасы: швейцариялық франк
Халқы: 2019 жылы 8 558 758 адам
Діни сенімдері: христиан 81,3 пайыз
Жол қозғалысы: оң жақты қозғалыс
Тоқ көзінің түрі: J, С, E. 50 Гц.

Реклама
Реклама

© pixabay.com

Швейцария географиясы мен климаты

Швейцарияның оңтүстігінде Италия, батысында Франция, солтүстігінде Германия және шығысында Лихтенштейн орналасқан. Швейцария - таулы ел, көп бөлігі Альпі таулары аумағында орналасқан (ел аумағының 60 пайызын алып жатыр). Оңтүстігінде Пеннин Альпісі, Лепонтин, Ретийя Альпісі мен Бернин массиві орналасқан. Бұл таулар бір-бірінен жоғарғы Рона мен алдыңғы Рейннің терең көлденең аңғарлары арқылы бөлінген. Негізінен кристалдық жыныстардан қалыптасқан биік, тегіс емес, қармен жабылған таулар терең шатқалдармен бөлшектенген. Негізгі асулары (Үлкен Сен-Бернар, Симплон, Сен-Готард, Бернина) 2000 метрден биік орналасқан. Солтүстік пен солтүстік-батысқа қарай Альпі аласара түсіп, мұздықтар сирей бастайды. Альпіден солтүстік-батысқа қарай ел аумағының 1/3-іне жуығын алып жатқан Швейцария қыраты орналасқан. Ол 1000 - 1200 метрден 400 метрге дейін төмендей береді (Рейн мен Ааре өзендерінің аңғарлары). Мұнда ел халқының басым бөлігі шоғырланған, ірі қалалар мен өнеркәсіп орталықтары орналасқан. Сондай-ақ мұнда ең құнарлы ауыл шаруашылық жерлер мен жайылымдар бар. Елдің солтүстік-батысында қатпарлы Юра таулары (Швейцария шегіндегі ең биік жері - Мон-Тендр тауы - 1679 м) жатыр.

Швейцарияның жануарлар дүниесі адамның шаруашылық қызметінің ықпалын күшті сезініп отыр. Қар құры мен ақ қояндар кең тарағанымен, таулардың жоғарғы бөлігіне тән елік, бұғылар мен альпі суырлары сирек кездеседі. Австриямен шекарада орналасқан Швейцария Ұлттық саябағын еліктер мен бұғылар, тауешкі мен түлкі мекендейді, сондай-ақ ақ құр мен жыртқыш құстардың бірнеше түрі кездеседі.

Швейцария - теңiзге шыпайтын ел, аумағы үш табиғи аймаққа жiктеледі:

Солтүстігіндегі Юра таулары Отралығындағы Швейцария үстірті Оңтүстігінде Швейцарияның 61 пайыз жерін алатын Альпі таулары.  

Солтүстiк шекарасы Швейцария Альпiлерiнiң ортасынан басталып Боден көлi мен Рейн бойымен орталығында бастайтын және шығыс шекарасының бөлiгiн құрастырған Рейн бойынша жартылай өтедi. Батыс шекарасы Юра таулары арқылы өтедi. Үстірт ойпатта жатыр, бiрақ оның көп бөлігі теңiз деңгейiнен 500 метр жағарыда орналасқан. Орманды жоталардан (1600 м дейін) тұратын жаңа қатпарлы Юра таулары Франция мен Германия аумағына дейін созылған. Швейцарияның ең биік нүктесі Пеннин Альпісінде орналасқан - Дюфур шыңы (4634 метр), ең төмен нүктесі - Лаго-Маджоре өзені - 193 метр. Ең ірі өзеңдері - Рона, Рейн, Лиммат, Аaре.

Швейцарияда Орталық Еуропаға тән құрлықтық климат басым, теңіз деңгейінен биіктікке байланысты айтарлықтай ауытқулар бар. Елдің батысында Атлант мұхитының әсері зор, шығысқа қарай және Оңтүстік таулы аудандарда климат континентальды сипатқа ие болады. Қысы суық, үстіртте және аңғарларда температура нөлге жетеді, ал таулы аудандарда -10 градус және одан да төмен болады. Жаздың орташа температурасы - + 18-20 градус, тауларда біршама төмен. Женевада шілде айының орташа температурасы шамамен 19 градус, қаңтарда 3 градус. Бір жылда 850 миллиметр жауын-шашын түседі. Солтүстік және оңтүстіктен қатты жел соғады.

Кейбір аудандар үнемі мұз қабатымен жабылған. Климат пен пейзаж өңірден аймаққа қарай ерекшеленеді. Швейцарияда тундраға тән мүк пен қыналар, сондай-ақ пальмалар мен мимоздар табуға болады.

© pixabay.com

Швейцария экономикасы

Швейцария дүние жүзінде капиталды шеттен тартудан алғашқы орындардың бірін иемденеді, дүние жүзіндегі ең ірі қаржы орталықтарының бірі саналады. Щвейцария банкілерінің сейфтерінде дүние жүзіндегі ең дамыған елдердің, барлық құнды қағаздарының жартысы жатыр. Өнеркәсібі жоғары сапалы, қымбат және ғылым жетістіктерін қажет ететін өнімдер шығаруға маманданған. Ел экономикасында ірі трансұлттық монополиялар үстемдік жағдайға ие. Щвейцария туризм мен өз аумағы арқылы өткізілетін транзиттік жүктерден көп пайда табады. Өнеркәсібі сырттан әкелінетін шикізаттарға тәуелді және дайын өнімдерді экспорттауға бейімделген. Жетекші салалары - машина жасау мен металл өңдеу, химия, тамақ өнеркәсіптері. Швейцариялық сағаттар дүниежүзілік өндірістің жартысынан көбі, өнімнің 95 пайызы экспортталады.

Швейцариялық ірімшіктер, шоколад, кофе, балалар тағамдары, қоюлатылған сүт, тағамдық концентраттар бүкіл дүние жүзіне танымал өнімдер болып есептеледі. Тоқыма, тігін, аяқ-киім өнеркәсібі дамыған.

Ауыл шаруашылық мақсаттары үшін ел аумағының 11 пайызын пайдаланады. Жетекші сала - мал өсіру, оның ішінде сүтті ірі қара мал өсіріледі. Негізгі дәнді дақылдар: бидай, қара бидай, жүгері, сұлы. Сондай-ақ қант қызылшасы, картоп, азықтық шөптер мен тамыржемістілер өсіріледі. Жүзім, жеміс-жидек өсіру де дамыған.

Швейцарияда жылына 12,5 миллиондай турист демалады. Мейманханалық іс, сонымен бірге арнаулы мейрамханалық құрал-жабдықтар шығару жоғары дамыған. 

Импортын ауыр машина жасау өнімдері, автомобильдер, ауыл шаруашылық мен орман өнеркәсібінің өнімдері, құрылыс материалдары, минералдық отын, химия өнеркәсібі өнімдері, тоқыма мен киім-кешек құрайды.

Негізгі сауда серіктестері: Германия, Франция, Италия, Ұлыбритания мен Еуро Одақтың басқа да елдері, АҚШ, Жапония.

© pixabay.com

Швейцария тарихы

Швейцарияны ежелгі заманда мекендеген адамдардың көптеген қоныстары сақталған (Драхенлох, Бирзек, т.б. палеолиттік үңгірлер, мезолиттік қоныстар, сырғауылды құрылыстар, т.б.). Швейцария тұрғындары жөніндегі алғашқы жазбаша деректер б.з.б. II ғасырларға жатады. Бұл кезде Швейцарияның көпшілік бөлігін кельттердің гельвет, шығысын рет тайпалары мекендеді. Б.з.б. 58 жылы Бибракт түбінде гельветтерді Г.Ю. Цезарь әскері талқандап, Римге тәуелді федераттарға айналдырды. Кейінірек б.з.б. 15 жылы рет тайпалары да Рим империясына толық бағындырылды.

V ғасырда ел аумағын алеманн, бургунд, остгот тайпалары басып алды. VII ғасырда Швейцария жері франктер корольдігінің бір бөлігіне айналып, жергілікті тұрғындар христиан дінін қабылдады.

X-XI ғасырларда Швейцария "Қасиетті Рим империясының" құрамында болды. XIII ғасырда Габсбургтер Орталығы Еуропаны Италиямен байланыстыратын тау асуларын бақылап отырған "тау кантондарын" (Швиц, Ури, Төм. Унтервальден) өздеріне толық бағындырмақ болды. Габсбургтермен күрес қызған кезде 1291 жылы тамызда бұл кантондар Швейцария одағының (конфедерациясының) негізін қалаған "мәңгілік одақ" құрды.

1315 жылы Моргартен түбіндегі шайқаста австриялықтарды жеңу нәтижесінде Швейцария конфедерациясы өз тәуелсіздігін сақтап қалды. 1499 жылы Швейцария "Қасиетті Рим империясынан" толық тәуелсіздік алды, бұл 1648 жылы Вестфаль бейбіт келісімінде ресми түрде бекітілді.

XVI ғасырда елдің экономикалық жағынан дамыған қалаларында Ж.Кальвин, У.Цвингли бастаған Реформация орталықтары пайда болды. 1798 жылы ел аумағына француздардың баса-көктеп кіруі нәтижесінде Швейцарияда Гельветия қуыршақ республикасы құрылды. Н.Бонапарттың жеңілуіне байланысты 1814 жылы Швейцария егеменді кантондардың тәуелсіз конфедерациясына айналды.

1815 жылы Вена конгресі Швейцарияның "Мәңгілік бейтараптығын" жариялады (ел соғыстарға қатысудан, әскери одақтарға еніп келісім жасасудан, өз аумағын кеңейтуден бас тарту жөнінде мәлімдеме жасады). Вена конгресінде Швейцарияның қазіргі шекарасы да анықталды. 1848 жылы қабылданған конституция бойынша Швейцария астанасы Берн қаласы болған біртұтас конфедерациялық мемлекетке айналды. 1- және 2-дүниежүзілік соғыстарда Швейцария өзінің бейтараптығын сақтады. XX ғасырдың 2-жартысында Еуропа елдерінің саяси және экономикалық интеграциясы барысында Швейцарияның рөлі біршама артты. Дегенмен, 1986 жылғы референдумның нәтижесінде халық Швейцарияның БҰҰ-ға кіру ұсынысына келісім бермеді. 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде ел көптеген халықаралық ұйымдардың жұмысына белсене қатыса отырып, бейтараптық саясатты ұстап келеді.

1991 жылы желтоқсанда Швейцария Конфедерациясы Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін мойындады. 1992 жылы Қазақстан мен Швейцария арасында дипломаттық қарым-қатынас орнатылды (ноталар алмастырылды). 1996 жылы Бернде Швецариядағы Қазақстан Республикасының, 1993 жылы Алматыда Швейцария Конфедерациясының консулдық агенттігі ашылды (1999 жылы Бас консулдық болып қайта құрылды).

© pixabay.com

Швейцарияда туризм құны

Швейцария әлемнің ең қымбат елдерінің қатарына жатады. Алайда отбасылық бюджетке айтарлықтай зиян келмейтіндей нұсқалар да бар. Швейцарияда "жоғары бағалар аралы" ("eine Hochpreisinsel") ұғымын жиі қолданады. Швейцариядағы қонақүйлер өте қымбат: түнеп шығу үшін бір адам 80-нен 200 франкке дейін төлеуі мүмкін. Егер қымбатын қаласаңыз, мәселе жоқ: 300-400 франк тұратын нөмірлер толып жатыр. Бір қуантарлығы: көптеген қонақүйлер жергілікті көлік шығындарын өзіне алады.

Алайда "Swiss Budget Hotels ұйымы шеңберінде арзан қонақүйлерді табуға да болады. Егер көптеген жайлылықтан бас тартсаңыз, 80 франктен төмен бағаны табуға болады. 

Мейрамханадағы бағалар көптеген туристі састыруы мүмкін, онда расымен өте қымбат. Сол себепті көптеген туристер "Кооп" және "Мигро" супермаркеттерінен дайын тағамдарды сатып алып, саябақтағы орындықта отырып тамағын ішіп жатады. Олардың ішінде дәмханалар да бар. 

© pixabay.com

Қалай жетуге болады?

Швейцарияның үлкен әуежайлары Цюрих пен Женевада орналасқан. Женева әуежайы бұрыннан қызмет көрсету сапасының мықтылығымен көзге түскен. Қазақстаннан осы екі қалаға да трансфер арқылы баруға болады.

Билет бағасы қай айда баратыныңызға байланысты өзгереді. Сондай-ақ, бірінші және бизнес санатындағы орындарға ертерек бронь қойған дұрыс. Негізінен 2-4 ай бұрын берсеңіз, тіпті жақсы. Алматы - Женева бағытында ұшатын рейстер арасында сәрсенбі және бейсенбі күні ұшатын рейстер арзанырақ. Демалыс күндері олардың бағасы едәуір өседі. Сонымен қатар, бару/қайту билеттерін алу арқылы да қаражат үнемдеуге болады. Ең арзан билет шамамен 100 мың теңгеден басталады.

Швейцарияда көлік қозғалысы

Швейцариялық қалалар арасында пойызбен жүру ыңғайлы, кесте бойынша нақты және жайлылы жабдықталған: вагон-мейрамханалардан балалар үшін ойын аймақтарына дейін. Билеттер станциялардағы және ресми сайттар кассаларында сатылады. Берннен Женеваға немесе Цюрихке бару үшін 50 CHF (50 доллар шамасында) төлейсіз. Панорамалы маршруттар бойынша жүретін туристік пойыздарда да бар. 

Қалааралық автобустардың көпшілігі - ашық-сары болып келеді, олар Postbus компаниясына тиесілі. Билеттерді арнайы автоматтарда немесе онлайн сатып алуға болады, автовокзалдар теміржол стансаларының жанында орналасқан. 

Қала ішіндегі қоғамдық көлік. Швейцарияда - әлемдегі ең жетілдірілген көлік жүйелерінің бірі: Swiss Travel System әмбебап жол жүру Swiss Travel Pass (358 CHF бастап 3 күн). Олар қоғамдық көліктің барлық түрлеріне тегін жол жүруге және туристік көліктерге үлкен жеңілдіктер береді. Қала бойынша автобустар, троллейбустар мен трамвайлар жүреді. Көліктің барлық түрлеріне бірыңғай билеттердің бағасы қалаға байланысты - 2-7 CHF, сатылымда екі жаққа да абонементтер және бірнеше күнге немесе бір айға жол жүру ақысы бар.

Швейцариядағы такси өте қымбат: әр шақырым үшін - 2-3 CHF төлейсіз, түнде және демалыс күндері тарифтер өседі. 

Қалаларда велосипедпен жүруге болады: Цюрих пен Женевада оларды тегін жалға береді. Жалға беру пунктінде қандай да бір құжатты және бір күнге 20 CHF кепілді қалдыру керек (Цюрихте) немесе 50 CHF (Женевада).

Автокөлікті жалға алу. Швейцарияда жол сапасы өте жоғары, қозғалыс нақты әрі қисынды ұйымдастырылған. Рас, қалада біржақты көшелері (қадағалап отыру керек, тыйым салу белгілері жол қиылыстарында) көп, қоғамдық көлік үшін арнайы жолдар бар. Көлік жалға беру пунктері өте көп.

Автокөлікті жалға алу шарттары: жүргізушінің жасы 21-ден кем болмауы тиіс (кейбір көлік түрлері үшін - 25 жас), халықаралық жүргізуші куәлігінің болуы, жүргізуші өтілі 3 жылдан кем емес, жарамды несие карточкасының болуы (ал кейбір автомобиль маркаларына - тіпті екі жыл). Еуропалық орташа санаттағы автокөлікті сақтандыруымен бірге жалға алу тәулігіне 100-120 CHF.

© pixabay.com

Швейцарияда қайда баруға болады?

Дәстүрлі туризмді ел ретінде Швейцария Еуропада өзіндік орны бар мемлекет. Дамыған туристік инфрақұрылымның, темір жолдар мен автомобиль жолдарының желісі көркем табиғаты мен жағымды географиялық жағдайы елге туристерді әлемнің түкпір-түкпірінен тартуда. Швейцарияға бірінші кезекте немістер, американдықтар, жапондар, сонымен қатар орыстар, үндістер және қытайлардың келуі артып тұр. Ұлттық табыстың 15 пайызы туризмнен келеді.

Альпі Швейцарияның бүкіл аумағының 2/3 бөлігін алып жатыр және жыл сайын елге мыңдаған туристтерді тартады. Елдің ең биік нүктесі Пеннин Альпіндегі Дюфур шыңы деп аталады (4634 метр). Сондай-ақ Швейцарияда теңіз деңгейінен 3454 метр биіктіктегі Еуропадағы Юнгфрауйох ең биік теміржол вокзалы және Монштейндегі 1600 метр биіктіктегі Еуропадағы ең биік сыра дайындайтын орын бар.

Швейцариядағы туризм Швейцария экономикасының рекреациялық ресурстарды пайдалануға негізделген маңызды саласы болып табылады. Швейцария бюджеті туризм арқылы жыл сайын 1,5 миллиард доллар алады, бұл оның маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Швейцарияны халықаралық деңгейде туристік және іскери кездесулер өткізетін ел ретінде алға тартып жүрген ұлттық маркетингтік компания Switzerland Tourism деп аталады. Швейцарияның ең танымал туристік қалалары: Цюрих, Берн, Люцерн, Базель, Женева.

Швейцарияда тау шаңғысы курорттары өте жақсы дамыған. Швейцария бойында Швейцариялық Альпі бар. Елдің орталық, оңтүстік және шығыс бөліктерінде Сент-Мориц, Давос және Зермат, Интерлакен, Лейкербад сияқты танымал курорттар бар.

Әулие Иоанн ғибадатханасы - Швейцарияның Мюстаир ауылында орналасқан ескі Бенедикт ғибадатханасы. 1983 жылы ол ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне Каролинг дәуірінің жақсы сақталған ғибадатханасы ретінде енгізілді.

Аугуста Раурика - Швейцарияның ірі археологиялық орны және ашық аспан астындағы мұражайы. Ол Базельден шығысқа қарай шамамен 20 шақырым жерде, Аугст және Кайзераугст ауылдарының жанында орналасқан, бұл Рейндегі ең көне белгілі Рим колониясы.

Үш Беллинцон қамалы – Швейцарияның Тичино кантонындағы Беллинцон қаласының айналасында орналасқан бекіністер. Бұлар Castelgrande (Castelgrande), Montebello (Castello di Montebello) және Sasso Corbaro (Corbario) (Castello di Sasso Corbaro), сондай-ақ қамал қабырғаларынан тұрады. Кастельгранда аңғардың үстіндегі таулы шыңда орналасқан, ол Монтебелло қамалымен тас қабырғалармен байланысқан. Сассо Корбаро қамалы қалған екеуінен 600 метр оңтүстік-шығыста жартасты шыңда бөлек орналасқан. 2000 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген.

© pixabay.com

Швейцария асханасы

Швейцариялық тағамдар бүкіл әлемдегі талғампаздарға танымал болуға лайық, көрші елдердің (Германия, Франция және Италия) асханасының ықпал еткеніне қарамастан, оның көптеген өзіндік тәтті тағамдары бар. Швейцарияның басты тағамдарының бірі - шоколад. Швейцария өзінің мәдени және ұлттық алуан түрлілігімен ғана емес, сонымен қатар француз, итальян, неміс асханаларының тағамдарының бай таңдауымен де танымал. Швейцарияның әр кантоны өзінің аспаздық қазынасымен мақтанады.

Женева көлінің жағасында сіз жаңа піскен алабұға, Цуг қаласында шие қосылған тортынан, Санкт-Галленде – сиыр етінен жасалған шұжықтың дәмін татып көріңіз. Айтпақшы, швейцарлықтар таза ет өнімдерінен гөрі шұжық, сарделька, паштетті сүйіп жейді. Цюрихте "решти" деп аталатын картоп тағамы да танымал, алдымен картопты қайнатады, содан кейін пешке пісіреді: жасалуы қарапайым болып көрінгенімен, өте дәмді.

© pixabay.com

Швейцариядағы қауіпсіздік

Швейцариядағы қылмыс деңгейі дамыған елдердің арасында ең төмен екендігіне қарамастан, туристер әмияндары мен жүгін адамдар көп жиналатын жерлерде қараусыз қалдырмауы керек.

Статистика көрсеткендей, Женева – елдегі қауіптілігі жоғары қаллардың бірі деп көрсетеді. Себебі, мұнда эмигранттар мен оңай ақша табуды көздейтін жеңіл өмір сүрушілер көп. Ал Цюрихтегі ең қауіпті жер - Лангстрассе ауданы, үкіметтің жағдайды шешуге тырысқанына қарамастан, онда әлі де есірткі мен тән саудасы қызып тұр. Егер сіз "туристік емес Швейцария" күндіз қалай өмір сүретінін білгіңіз келсе, ал түнгі уақытта мұнда аттап баспаңыз.

Швейцарияда медицина өте қымбат, сондықтан тау шаңғысы курортына барарда мамандандырылған сақтандыру полисін алу керек. Швейцарияға баратын кезде медициналық сақтандыру алғаныңыз дұрыс, мұнда емделу тым қымбат.

© pixabay.com

Швейцариядан кәдесыйлар

Швейцарлық әйгілі кәдесыйлар - сағаттар, ірімшік, шоколад және пышақтар. Атақты брендтердің (Patek Philippe, Rolex, Omega) сағаттарын сіз елдің француз тілді аймақтарына баруыңыз керек, дәл осы жерде атақты шеберханалар орналасқан.

Олардың ішіндегі ең әйгілісі "грюйер" және "эмменталь" ірімшіктері барлық супермаркеттерде, дүкендерде және арнайы ірімшік дүкендерінде сатылады. Сонымен қатар, әр кантонның өзіндік, әрине, ең жақсы ірімшігі бар. Шоколад өнімдерінің көптігі қуантады: бұрыннан таныс Линдт пен Тоблероннан бастап эксклюзивті Teuscher, Pamaco және Sprungli шоколадтарын таба аласыз. Бағасы әр плитка үшін 1-ден 12 CHF дейін өзгереді.

Швейцария Victorinox және Wenger 33 функциялы әскери пышақтары 80 CHF (пышақтар және бәкілер, барлық жағдайларға арналған, ашуға арналған, бұрағыш, қайшы, шоқпар т.б.) 80 жолаушының досы үшін 400 CHF тұрады, олардың 80 функциялық қызметі бар.

Сонымен қатар, Швейцариядан сіз әртүрлі көлемдегі сүйкімді қоңырауларды, музыкалық қобдишаларды да алуыңызға болады.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная