© pixabay.com © pixabay.com

Монако


Қысқаша мәлімет

Орналасуы: Оңтүстік Еуропада орналасқан шағын мемлекет
Астанасы: Монако
Жер көлемі: 2,02 шаршы шақырым
Телефон коды: +377
Қазақстанмен уақыт айырмашылығы: -4 сағат
Сағаттық белдеуі: GMT+2
Виза: шенген
Тілі: француз тілі
Валютасы: еуро
Халқы: 2018 жылы 38 682 (монегаски мен француздар)
Діни сенімдері: католик (82 пайыз)
Жол қозғалысы: оң жақты қозғалыс
Тоқ көзінің түрі: С, D, E, F. 50 Гц.

© pixabay.com

Монако географиясы мен климаты

Монако Еуропаның оңтүстігінде Жерорта теңізінің жағалауындағы француздық Ницца қаласынан 20 шақырым жерде орналасқан. Құрлықта князьдік Франциямен шектеседі. Елдің аумағы небары 2 шаршы шақырым, алайда  соңғы 20 жылда елдің аумағы теңіз аумақтарын құрғату есебінен 40 гектарға жуық ұлғайды. Монаконың ең биік нүктесі (теңіз деңгейінен 163 метр) Франция аумағында орналасқан Монт-Ажель тауының оңтүстік баурайында орналасқан, оның шыңы (1148 м). Монакода пайдалы қазбалар жоқ.

Ауа райы Жерорта теңізінің ықпалына байланысты бірқалыпты, қысы жылы және жазы күншуақты болып келеді. Қаңтар айының орташа температурасы - +8 градус, шілдеде, тамызда - +26 градус. Жылдық орташа температурасы - 16,3 градус. 

Монако экономикасы

Монаконың сыртқы қарызы жоқ. Оның валюталық резервтері іс жүзінде сарқылмайды, қаржыгерлер бірнеше миллиард доллар сомасын атайды, бұл осындай кішкентай мемлекет үшін керемет жағдай. Монакода жұмыс орындарының саны тұрғындар санынан бір жарым есе көп. Сол себепті мұнда Францияның бірнеше қаласынан келіп, жұмыс істейді. Соған қарамастан сарапшылар Монакода жұмыссыздық деңгейі 3 пайыз екенін айтады. Алайда бұл жұмыссыз деп айтып отырғандар 5-6 мың еуроны қанағат тұтпайтын, бай да бақуатты өмірге үйренген монегаска халқының өкілдері болуы әбден мүмкін. 

Монако - Еуропадағы туризмнің негізгі орталықтарының бірі. Осы елде халықараралық деңгейде танымал курорттар бар. Мемлекеттік кірістің негізгі көздері - шетелдік туристерге қызмет көрсету мен ойын-сауық орталықтары. 

© pixabay.com

Монако тарихы

Ежелгі заманда Монако аумағын кельт тайпалары мекендеген. Б.з.б. X-I ғасырларда бастапқыда финикиялық, соңынан грек иеліктерінің құрамында болды. Б.з.б. 1 ғасырда Монако Римнің қол астына өтсе, XII-X ғасырларда арабтардың билігі орнады.

XI ғасырдың 2-жартысында Монаконы генуялықтар басып алды. 1215 жылы олар қазіргі Монако жеріне қамал салды. 1419 жылы Гримальдилер әулеті түпкілікті орнығып, Генуяның қамқорлығындағы жеке князьдікке айналды. Монако 1524 жылдан бастап қағаз жүзінде өз дербестігін сақтаған, іс жүзінде испан билігіне тәуелді ел болды.

1641 жылы Францияның қамқорлығына өтті. 1814 жылы Вена Конгресінің шешімімен Сардиния корольдігіне қарады. 1848 жылғы төңкеріс Монакодағы князь өкіметін жойғанымен, келесі жылы қайта қалпына келтірілді.

1865 жылы Франциямен кедендік одақ жасалды. 1868 жылы Франция мен Монако арасындағы темір жол құрылысы аяқталған соң, Монте-Карлодағы кешен даңқы дүние жүзіне жайылып, Монаконың негізгі табыс көзіне айналды.

1899 жылы Монакода мұхиттық зерттеулердің халықаралақ орталығына айналған мұражай ашылды. 1911 жылы Монаконың бірінші Конституциясы өз күшіне енді. 1951 жылы Монако мен Франция арасында кедендік алым-салық, пошта, телекоммуникация, т.б. салаларда өзара қарым-қатынас орнату жөніндегі конвенцияға қол қойылды.

1962 жылы 17 желтоқсанда Конституциясы қабылданды. Монакода Еуропадағы орта толқынды ең қуатты радиостансалардың бірі - "Монте-Карло" орналасқан. Монако көптеген халықаралық ұйымдардың орталығы болып саналады.

1956 жылы сол кездегі билеуші ханзада ІІІ Ренье (1949 жылы таққа көтерілген) голливуд актрисасы Г.Келлиге үйленді. Осы жағдай әлемнің Монакоға деген қызығушылығын одан әрі арттыра түсті. Сондай-ақ, Ренье Монакода белсенді құрылысты бастады. 1993 жылы Монако БҰҰ-ның толыққанды мүшесі болды. 2005 жылғы 31 наурызда ІІІ Ренье өз өкілеттіктерін жүзеге асыра алмайтындықтан, оларды жалғыз ұлы мен мұрагері князь Альбертке тапсырды. Ренье 2005 жылдың 6 сәуірінде қайтыс болды.

Қазіргі уақытта III Реньенің ұлы, 2005 жылы әкесі қайтыс болғаннан кейін таққа отырған ханзада II Альберт елге билік етеді. 

© pixabay.com

Монакодағы туризм құны

Бақуатты өмір, люкс, элита, премиум бұл сөздер "Монако" атауымен синоним бола алады. Франция жағалауындағы шағын монархия көптеген танымал адамдар мен байлардың және бай болғысы келетіндердің мекені. Қымбат мейрамханалар мен үйлену тойына арналған орындар, қонақ үйлер, Монте-Карлодағы казинолар мен "Формула-1" Гран-приі қалтасы қалың меймандарға арналған. Ал бюджеттік нұсқа іздейтін болсаңыз, Еуропаға тур кезінде Монакодағы мәдени шараларды тамашалауға болады. 

Мұнда ең арзан деген шағын қонақүйлер күніне екі адамға 115 еуродан басталады. Апартаменттер тәулігіне 180 еуро, Эркюль порты жанындағы үш жұлдызды екі орындық нөмір - 195 Eеуро (таңғы ас қосылған), төрт жұлдызды қонақүй 280 еуро. Ал егер қаражатыңыз жетіп жатса, бес жұлдызды қонақүйге баруыңызға әбден болады, онда нөмірлер 500 еуродан басталады. 

Бұл елде шайпұлдың өзі еуропа бойынша орташа есеппен қарағанда жоғары: 15 пайыз, әдетте шотқа енгізілген. 

Gucci, Chanel, Prada, Louis Vuitton және басқа да фэшн-иконаға айналған бутиктері бар тура және ауыспалы мағынада алтын алаң бар. Ла-Кондаминдегі шоппинг та қызықты, онда 200-ге жуық түрлі дүкендер ашылды. Монте-Карлода "Метрополь" атты молл бар, ал оның бәсекелесі "Фонвьей", Монако-Вилладағы ең үздік кәдесыйлар сататын дүкендердің жиынтығынан құралған орталық. 

© pixabay.com

Қалай жетуге болады?

Монакода әуежай жоқ, сол себепті бұл елге бару үшін Францияның үлкен қалаларын барып, сосын ғана межелі жерге жете аласыз. Негізінен ең жақыны Ницца болғанықтан, Нұр-Сұлтаннан және Алматыдан трансфер арқылы көптеген рейстер бар. Ең арзан билет 190 мың теңгеден басталады. Ал егер көлікпен шығатын болсаңыз, сапар барысында жолдың өзіне бару кезінде 3-4 күн кетеді. 

Монакодағы көлік қозғалысы

Елдің көлемін ескере отырып, Монакода үлкен және дамыған көлік жүйесі туралы айту әбестік болар. Қалалық автобус желісінде туристік көрікті аудандарды қосатын 6 желі бар. Автобустар кесте бойынша 7:00-ден 21:00-ге дейін жүреді. Билет құны - 2 еуро. Ең ерекше көлік - "су автобусы": Эркюль портының солтүстік және оңтүстік бөліктері арасында жүретін қайық-шаттл 8:00-ден 20:00-ге дейін жүреді. 

Туристер шағын паровоз арқылы жарты сағат ішінде Монаконың негізгі сұлулығын көре алады. Билеттер - ересектер үшін 10 еуро және 8 жасқа дейінгі балалар үшін 5 еуро. Темір жол станциясы тек біреу ғана және оның өзі жер астында орналасқан: 1,7 шақырым жолдар - Франция мен Италия арасындағы көлік дәлізінің бөлігі. Көшеден жоғары орналасқан жаяу жүргіншілерді көтеретін тағы 7 тегін эскалаторлар бар.

Князьдікте электрвелосипедтері бар станциялар орнатылған: олар өте тиімді. Жалға алу құны - тәулігіне 2 еуро және аптасына 6 еуро.

Таксиге телефон арқылы тапсырыс беруге немесе вокзал мен көрікті жерлерде тұрақта отыруға болады. Жол жүрудің орташа құны - 16 EUR күндіз, түнгі тариф біршама қымбаттау. 

Жуырда Монакода 10 аялдамасы бар Hop-on hop-off экскурсиялық үсті ашық автобустар пайда болды.

Шағын көліктерді жалға алу 95 еуро, орта санатты седан - 100 еуро, жол талғамайтын көліктер - күніне 130 еуро. Бензин құны - 1 литр үшін 1,95 еуро. Алайда көлік тұрағының болмауы, жылдамдық мөлшері қатаң бақыланатын болғандықтан және көптеген себептерге байланысты көлік жалдауға кеңес берілмейді. 

© pixabay.com

Монакода қайда баруға болады?

Монако - әлемдегі туристік орталықтардың бірі және Ривьераның ең жақсы курорттарының бірі. Елге жыл сайын миллионға дейін турист келеді.

XIX ғасырдың екінші жартысында салынған Монте-Карлодағы казино кешені әлемге әйгілі. Монаконың барлық азаматтары салықтан босатылған, бірақ оларға казиноға баруға тыйым салынады. Заң Монако азаматтарына мемлекетке қомақты кіріс әкелетін құмар ойындарға тыйым салады. Қонақүйлер, ойын-сауық орындары, жағажайлар және су спорт орталықтары желісі сияқты казино соңғы 20 жылда үкіметтің бақылауында болған "Теңіздегі шомылу қоғамына" жатады.

Монако князьдігі - маңызды спорт орталығы. Формула-1 класындағы жыл сайынғы Монте-Карлода өткізілетін жарыс кубогы әлемге танымал.

Монако сонымен қатар көптеген халықаралық ұйымдардың орталығы (Халықаралық гидрографиялық бюро, Халықаралық туризм академиясы), халықаралық кездесулер өтетін орын. Мұнда 1899 жылы құрылған Мұхитграфиялық музейі мұхиттардың ең ірі ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Монакода Еуропадағы ең қуатты радиостанция - "Монте-Карло" орналасқан.

© pixabay.com

Монако асханасы

Монакода ұлттық тағамдар жоқ: жақын орналасқан Франция мен Италия, олардың әлемге әйгілі гастродәстүрлері жергілікті тұрғындардың талғамына тым әсер етті. Бірақ рецептерді мұнда үнемі жетілдіріп, әрбір тағамды жасанды шедеврге айналдырады. Гурман микстерінің міндетті компоненттері - зәйтүн майы, хош иісті дәмдеуіштер, жаңа піскен көкөністер, ірімшік, май.

Монакода дәмханалар мен мейрамханалар әрдайым толы: бай резиденттер үйден тыс жерде тамақтанады, ал туристер де олардан үлгі алады. "Де Пари" қонақүйінің бірінші қабатында орналасқан "Луи XV" мейрамханасы князьдіктегі ең сәнді мейрамхана. Онда аңызға айналған бас аспазшы Алена Дюкас жұмыс істейді. Интерьерлер Версальға ұқсайды, бағасы жоғары - 360 еуроға дейін. Мұнда 400 мың шарап, құырылған көгершін еті, қатаң дресс-код және лайықты 5 "гауһар" және 3 мишлен жұлдызын алған.

© pixabay.com

Монакодағы қауіпсіздік

Монакодағы қылмыс деңгейі өте төмен: тәртіп сақшылары азаматтардың қауіпсіздігін және олардың мүліктерінің сақталуын қадағалайды, жергілікті полиция - әлемдегі ең нәтижелілердің бірі. Алайда, ешуақытта сақтық шараларын ұмытуға болмайды. 

Полиция қызметкерлері кез келген жолаушыға немесе жүргізушіге өтініш жасауға, тексеру жүргізуге, құжаттары мен тұрғылықты мекен-жайларын тексеруге құқылы: қарсылық білдіруге және жалған ақпарат беруге болмайды. Әрбір көшеде бейнекамералар орнатылған. Қоғамдық орындарда темекі шегуге қатаң тыйым салынған және айтарлықтай мөлшерде айыппұл салынады.

Монакоға баратын кезде медициналық сақтандыру алғаныңыз дұрыс, мұнда емделу тым қымбат.

© pixabay.com

Монакодан кәдесыйлар

Арнайы дүкендер Монаконың үлкен сауда орталықтарында, ал кәдесыйлар жағалауда және көрікті жерлерге жақын маңда орналасқан. Condamine Market дүкенінде кәдесыйлар сатылады. Формула-1 турниріне қатысы бар көлік миниатюралары, казинодан кәдесыйлық фишкалар, княздік заттары (табақ, шыны, жейде), Грейс ханшайым ашқан La Boutique du Rocher ерекше қолөнер кәдесыйлары, тағамдар мен сусындар, тәттілер, ірімшік, шарап алуға болады.


Осыған ұқсас мақалалар

Индонезия Индонезия
Өзбекстан Өзбекстан
Қырғызстан Қырғызстан