© shutterstock © shutterstock

Грузия


Қысқаша мәлімет

Орналасуы: Шығыс Еуропа мен батыс Азия 
Астанасы: Тбилиси
Ірі қалалары: Батуми, Кутаиси, Рустави, Гори, Зугдиди
Жер көлемі: 69 700 шаршы шақырым
Телефон коды: +995
Қазақстанмен уақыт айырмашылығы: -2 сағат
Сағаттық белдеуі: GMT+4
Виза: қазақстандықтар үшін виза керек емес, бір жыл емін-еркін жүре алады
Тілі: грузин, тұрғындардың басым бөлігі ана тілінде сөйлейді
Валютасы: грузиндік лари
Халқы: 2019 жылы 1 қаңтарда 3 723 500 адам, оның ішінде грузиндер - 86 пайыз
Діни сенімдері: 91 пайызы - православ
Жол қозғалысы: оң жақты қозғалыс
Тоқ көзінің түрі: F және C (Қазақстандыкімен бірдей) 50 Гц.

Грузияның климаты мен географиясы

Грузия Таяу Шығыс пен Батыс Азия арасында орналасқан. Грузияның солтүстік және шығыс бөлігі Ресеймен, оңтүстігі - Түркия және Армениямен, оңтүстік-шығысы - Әзірбайжанмен шектеседі. Ал Грузияның батыс бөлігінде Қара теңіз (Қара теңіз жағалауының ұзындығы - 308 шақырым) орналасқан. 

Грузияның солтүстік бөлігін Үлкен Кавказ жотасы алып жатыр, оның оңтүстік бөктерінде Харуль, Кодорский, Гудисский, Сванет, Ламисский жоталары, ал солтүстік баурайында - Кидеган, Пирикит, Хох жоталары орналасқан. Грузияның оңтүстік бөлігіне келетін болсақ, онда Колхид және Иверий ойпаттары жатыр.

Ең жоғары нүктесі - 5 193 метрлік Шхара тауы. Оған автономды республикалар, Тбилиси және 9 өлке (Имеретия, Кахетия, Квемо-Картли, Гурия, Самцхе-Джавахетия және басқалары) кіреді. 

Грузияның батысы субтропикалық климаттың әсерінен, ал шығысы - Жерорта теңізінің әсеріне тікелей байланысты. Үлкен Кавказ жотасы солтүстіктен соғатын суық желге бөгет болады. Қара теңіз жағалауының бойында, сондай-ақ Колхид ойпатында ылғалдылық жоғары субтропикалық климат басым және жауын-шашын көп түседі (жылына 1000-нан 2000 мм-ге дейін, ал Батуми Қара теңіз портында - тіпті жылына 2500 мм). Бұл аймақта пальманың бірнеше түрі өседі. Қаңтар-ақпанда орташа температура 5 градус, ал шілде-тамызда - +24 градус. 

Грузия экономикасы

Грузияда қайта өңдеу өнеркәсібі жақсы дамыған және оның үлесі 70 пайыз. Екінші орында энергия тасымалдаушыларды тарату және үздік үштікте - тау-кен қазу өнеркәсібі. Химия өнеркәсібі де белсенді дамып келеді. Соңғы уақытта үкімет тамақ өнеркәсібіне инвестиция жасап жатыр. Мемлекет шарап, коньяк, темекі түрлерін, эфир майларын, жеміс пен көкөніс консервілерін, шәй өндіреді. Сондай-ақ, минералды суды бүкіл әлемге экспорттайды және осыдан айтарлықтай табыс тауып отыр. Грузия жерінің 16 пайызы ауылшаруашылыққа берілген. Негізінен табысты әкелетіндер қатарында жүзім өсірушілер, цитрустық және шәй плантациялары, сондай-ақ дәнді-дақыл егушілер бар. Импортқа қарағанда экспорт көлемі сонда да аз.

Соңғы жылдары туризм саласы да мемлекетке айтарлықтай кіріс кіргізе бастады. Табиғатының әсемдігі, теңіз бен тау сілемдерінің болуы туристердің жыл он екі ай ағылуын қамтамасыз етті.

Грузия тарихы

Грузияның тарихы динозаврлар дәуірінен басталады, себебі бұл елде олардың өмір сүрген іздері сақталған. Адам тарихы Грузияның аумағында алғашқы адам пайда болған кезден шамамен 1 800 000 жыл бұрын басталды. Әрі қарай ұзақ тас ғасыры созылып жатыр, оған назар аудармауға болады, бірақ бірнеше қызықты сәттер бар. Өйткені, Грузияда адамның ең көне сүйектері табылды, бұл Грузия - еуропалықтардың отаны деген тұжырымға сай келеді. Біздің эрамызға дейінгі уақытта қазіргі Грузия аумағында Homo erectus georgicus (жойылып кеткен Homo erectus түрінің бірі) өмір сүрген. 

Грузияны мекендеген халық картвель (бір заманда өмір сүрген картвель халқы) тілдер тобына жатады. Грузияның жартылаймифтік тарихына сүйене отырып, 302 жылы Иберияның бірінші патшасы Фарнаваз болған. Осы заманда Грузия парсы империясының провинциясы болуды тоқтатқан және оны ешкім жауламаған. Бұл өте маңыздың тарихы сәт: батыс (Колхида) мен шығыс (Иберия) Грузия пайда болды. Колхида грек тіліне өте бастады, ал Иберияда парсылардан қалған арамейский тілі қалды. Осы кезде грузия жазуы - асомтаврули шрифті пайда болуы мүмкін. Алайда қашан және қалай деген сұрақтың нақты жауабы жоқ. Фарнаваз басқарған уақытта жаңа әліппе емес, тек арамейский шрифтінің жаңа түрі пайда болуы мүмкін.

327 жылы елде христиан діні мемлекеттік деңгейде қабылданды. Грузияда алғашқы кірестер және храмдар пайда болған. Алайда пұтқа табынушылық VI ғасырға дейін өмір сүрді. V ғасырда жазулар, тас храмдар, Вахтанг Горгасаланың басқаруымен келген бақытты дәуірмен басталған, ал сосын парсылар шапқыншылығының салдарынан әлем картасынан жойылып кетуге дейін барды. VI ғасырда Тбилиси Иберия астанасы болды, Анчисхати храмы салынды және билікке "ассириялық негізін салушылар" келді. VII ғасырда Грузия жауласқан екі ірі мемлекеттер (Византия мен Иран) арасында қалды. Сол ғасырдың ортасында арабтардың келуімен ел тарихында жаңа дәуір басталды. Арабтар Грузияны жаулап алғаннан кейін, ел аумағы бірнеше бөлікке бөлініп, Тбилиси - Тбилиси Әмірлігінің орталығы болды.

Алтын ғасыр Грузияда Давид Құрылысшы және Тамара патшайымның дәуірі деп аталады. Осы кезде Грузия аумағы бүкіл Кавказды қамтыды, алайда моңғолдар әлемді дүр сілкіндірген уақытта Алтын ғасыр аяқталды. Грузиян әскері моңғолдың көптеген шапқыншылығына қатысуына тура келді - асасиндерді жер бетінен жойып жіберу, Бағдадты қирату және мамлюттік Мысыр соғысы. Алайда Грузия моңғол шапқыншылығынан аса зардап шеккен жоқ, ол қайтадан Алтын ғасырды бастан кешуге мүмкіндігі болған. Алайда оба, Әмір Темір шапқыншылығы және түркмендер жорықтарынан ел қайтадан ыдырай бастады. 1493 жылы Константин патша елдің ыдырағанын жариялады. Келесі ғасырда да Грузия тарихы үшін қуантарлық болмады, Түркия мен Иран біртіндеп жақындай берді. Түріктер Гориды жаулап алып, тастап кеткен кездері де болды. Парсы шабуылдарынан құтылу үшін Иранға бағынуға тура келді.

XVIII век ғасырда Грузия Ресей құрамына кірді. Бұл ғасырды грузин-орыс келіссөздері ретінде тарихта қалған. Мұнда екі елдіғ діттегені екі түрлі болып шыққан. XIX ғасырда Грузия толыққанды Ресей империясының құрамында болды. Әрбір турист үшін осы дәуір өте маңызды, себебі осы кезде қазіргі Грузия құрылған. Осы уақытта Грузияға еуропалық өркениет және ресейлік әкімшілік келген.

1918 жылы 26 мамырда Грузия Кавказ Федерациясы құрамасынан шығып тәуелсіз болды. Алайда көпке созылмады (1918-1921), өйткені мемлекет көптеген мәселелерге соқтығысты - негізінен әлеуметтік және ұлттық. Осетия коммунистік көтерілісін басып, Армениямен шекараны бөлісу кезінде ұзаққа созылмаған соғыс басталды. Кеңестік Ресей, Ақ әскер және Түркия тарапынан да қауіп-қатер болды. 1921 жылы Қызыл әскер Грузияны басып алды, ал ел билігі Батумиге қашты. Грузияның өзі Кеңестік Республика болып жарияланды.

КСРО құрамында Грузияның жолы болды деуге келеді. Ол ұжымдастыру мен Азаматтық соғысты бастан кешірмеді. Екінші Ұлы Отан соғысы да оның жеріне жетпеді, алайда жақын қалды. Экономика тұрғысынан барлығы жақсы деуге болатын. Алайда осы кезде болашақта болатын соғыстардың ұшқыны пайда болды.

Грузия 90-жылдары егемендік алған сәтте елде азаматтық соғыс басталды. Эдуард Шеварднадзенің билікке келуімен елде ауыр кезеңді бастан өткерді. Мұнай жоқ, кризистің орнын толтырар ештеме болмаған. 1993-2003 жылдары аралығында екі рет азаматтық соғыс, Абхазия және Осетиямен соғыс, Ресеймен достасу және қайтадан ара-қатынасты үзу болды. Осы кезде Баку-Тбилиси-Джейхан мұнайқұбыры салына бастады. Бұл дәуір мегрель ұрыстарымен басталып, атақты "раушан гүлі революциясымен" аяқталды. 2004-2012 жылдары аралығында Саакашвилидің билікке келуімен ел танымастай өзгерді. Бұл тарихи оқиғаларға толы дәуір болды.

Қазақстандық туристер үшін Грузия қаншалықты тартымды?

Грузияның жері үлкен болмаса да, онда жылы теңіз, биік таулар, ежелгі шіркеулер мен храмдар, көне қалалар, үңгірлер, сарқырамалар, өзендер мен көлдер үшін орын табылған. Бірақ Грузияда ең бастысы, тіпті оның көрікті жерлері емес, туристердің көпшілігі осы елді нағыз грузин қонақжайлығы мен дәмді тағамдар үшін жақсы көреді. 

Грузия - арзан және өте демократиялық ел. Ол үнемді демалыс үшін де және барлық жағдай жасалған уақыт өткізу үшін де қолайлы. Мұнда гестхауста немесе бес жұлдызды қонақ үйде өмір сүруге, автостоппен саяхаттауға немесе жеке көлікпен гид жалдауға, мейрамханаларда тамақтануға немесе хачапуримен қоректенуге болады. Бұл ретте Грузияға ұзақ мерзімге келген пайдалы. Елдегі бағалар жоғары емес, сондықтан демалысқа кететін шығындардың негізгі бөлігі - әуе жолына кетеді. 

Егер бар жағдайы жасалған пәтерде өмір сүргіңіз келсе, әуебилеттерін қосқанда және 21 күнге екі адамға 2000-2500 доллар аралығында шығындаласыз. 

Батумиде апартамент құны тәулігіне 30-35 доллар
Батумиде не Тбилисиде кереметтей түскі ас 10-20 доллар
Толыққанды жекелей автокөлікпен экскурциялар 140-180 еуро, ал топтық әр адамға 16 еуро. 

Екі адам үшін небары 500 доллар жұмсауды көздейтіндер үшін де Грузияда автостоп пен каучсерфинг қызметі бар. Арзан хостелдер мен кемпингке арналған орындар бар, тағамы тойымды, дәмді әрі қымбат емес. 

Қалай жетуге болады?

Грузияның Тбилиси және Батуми қалаларына Қазақстанның бірнеше қаласынан тікелей әуе рейстері қатынайды. Ең аз дегенде 4 сағатта тау халқының жеріне аяқ басуға болады. Қазақстан орталығынан көлікпен шығып, Ресей арқылы Тилисиге не Батумиге баратын болсаңыз ең кемі 3 мың шақырым жол жүріп, шамамен 48 сағатта жетесіз. 

Грузиядағы көлік қозғалысы

Грузияда барлық негізгі көлік түрлері бар: әуе, теміржол, автомобиль және су. Тбилисидегі метрополитен екі тізбектен тұрады және 21 станциясы бар. Таңғы 6-дан түнгі 12-ге дейін әрбір бес минут сайын жүреді. Сонымен қатар, қалада қоғамдық көліктер (автобустар) және такси қызметі жақсы дамыған. 

Грузияда жалпы ұзындығы 20 мың шақырым болатын көптеген автожолдар бар, сондай-ақ темір жолдың ұзындығы - 1 612 шақырым. 

Әуе тасымалына қатысты мәселе жоқ, Грузияда бірнеше халықаралық әуежай және тікұшақтарға арналған екі гелипорт бар, ең ірі әуежайлары - Тбилиси, Батуми, Кутаиси қалаларында.

Грузияның Батуми, Поти, Кулеви, Супса және Сухуми қалаларында теңіз порттары бар, онда көптеген кемелер жүк тасымалдайды. 


© pixabay.com

Грузияда қайда баруға болады?

Грузия - қазақстандық саяхатшылар үшін тамаша ел. Визаның керегі жоқ, ағылшын тілін білу қажет емес, климаты жайлы, адамдары қонақжайлы, асханасы мен шарабы - керемет. Сонымен қатар, теңіз, жағажай, таулар, ежелгі мәдениет, салыстырмалы түрде төмен бағалар мен жақсы инфрақұрылым. Демалуға таптырмас орын.


© pixabay.com

Тбилисидегі Нарикалу бекінісі және оның етегінде әдемі ескі қалаға бар. Оған жаяу баруға болады, бірақ арқанжолмен барған өте қызық. Абанотубани - Пушкин жырлаған атақты монша. Моншаға қарама-қарсы тұста Тбилиси символы - Метехи храмы орналасқан. Қасиетті Троица соборы (Цминда Самеба) - Грузия Патриархының резиденциясы. Собор заманауи стильде салынға және аса бір ерекшеленіп тұрған жоқ, бірақ Тбилисидің ескі ауданы Авлабариге баратын кезде соға кеткен жөн. Грузияның өнер мұражайы және мемлекеттік мұражайы.

Мцхета - Грузияның ежелгі астанасы және грузиндер үшін ең қасиетті орын. Мцхетаға жету үшін қоғамдық көлікпен немесе такси ыңғайлы.

Батумиде дүниежүзілік желілердің бизнес-орталықтары мен қонақүйлері Тбилисиге қарағанда көп болуы мүмкін және бұл таңғаларлық емес: қала АҚШ-та Нью-Йорк немесе Үндістанда Мумбаи сияқты елдің қаржы астанасына айналып келеді. Қара теңізде Батумиде шомылуға болады. Мұнда жағажай, шопинг, түнгі өмірмен және қызықты серуендермен үйлестірудің тамаша нұсқасы: Батуми сізді шаршатпайтын үлкен қала.


© pixabay.com

Кутаиси - Имеретия астанасының басты көрікті жерлері - ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасына енгізілген Баграти ғибадатханасы мен Гелат монастырі. Кутаисаға жақын жерде екі қызықты үңгір бар - "Прометей үңгірі" және "Юрский дәуірінің саябағы" аталған Сатаплия. Мұнда динозаврлардың ізі жақсы сақталған

Гори және Уплисцихе. Уплисцихе - Грузиядағы ең көне үңгір қала. Туннельдер мен үңгірлердің лабиринттері, жартас астындағы өзен, жалғыз шіркеу - тарихи көрікті жерлерге қарағанда тақырыптық саябаққа ұқсайтын керемет орын. Бірақ барлық жерде жүре аласыз және бәрін қолмен ұстай аласыз. Уплисцихеге Гори арқылы баруға болады, онда Сталин музейі мен Горисцихе қамалының үйінділері бар. 

Кахетия көптеген грузин шарабының отаны. Мұнда Алазанья алқабы бар. Сол өңірдің астанасы Телави қаласында Алаверди соборына және Әзербайжанмен шекарадағы Давид Гареджа үңгір монастырін көруге болады. Вардзиаға жету оңай емес, бірақ Тамара патшайымы дәуірінен қалған үңгір монастырі бар. 

Грузия асханасы

Грузин тағамдары туралы шексіз жаза беруге болады. Алайда ол туралы мың рет айтқанша, бір рет дәмін татып көрген дұрыс. Хинкали - грузин асханасының ең танымал тағамы. Олар тығыз қамырдан жасалған қапшық формасында келеді, оның ішінде туралған ет пен көкөністер болады. Хинкалиге сацебели томат тұздығын қосуға болады. Вегетариандықтар үшін саңырауқұлақтармен хинкали дайындайды.

Хачапури. Олардың көптеген түрлері бар: имерули, аджарули, мегрули және аджарули. Аджар хачапуриі қайық түрінде және ірімшік қосылған жұмыртқа және сары май жағылады. Мұны міндетті түрде ауыз тию керек. Кейбір мекемелерде Титаник деп аталатын үлкен аджарули беріледі - ол бүкіл компанияға немесе бір отбасына жетеді. 

Грузин асханасында дәмдеуіштер, шөптер, жасыл, жаңғақтар кеңінен қолданылады. Тіпті қияр мен қызанақ салаты да өнер туындысына айналады, өйткені оған хош иісті регани (қызыл райхан) және жаңғақ соусын қосады. 

Грузиядағы қауіпсіздік

Грузия - бұл туристтер үшін ең қауіпсіз елдердің бірі, Сіз Тбилиси қаласының көшелерімен түнгі уақытта да оңай серуендей аласыз. Ресми дерек көздері осы деректі растайды: әлемдегі ең беделді компаниялардың бірі - GALLUP World жүргізген әлеуметтік сауалнаманың нәтижелеріне сәйкес, Грузия 91,5 балл жинап, ел тұрғындарының айтуынша республикадағы қауіпсіздік деңгейі бойынша жетекші орындардың біріне ие болды. 

Ары кетсе сізді метрода не автобус аялдамасында қайыр сұраған адамдар мазалауы мүмкін. Сондай-ақ, автокөлікпен саяхаттау кезінде үлкен қалалардың жолында сақтық шараларын сақтағаныңыз жөн, себебі жергілікті тұрғындар жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтай бермейді. 

Грузияға саяхаттау үшін сақтандыру керек емес десе де болады, Алайда, осы елдің аумағында шетел азаматтары үшін кез келген медициналық қызметтер - ақылы. Грузия - қауіпсіз ел және медицинасы да арзан. Бастапқы терапевт шамамен 10-15 доллар, тіс емдеу - 20 USD, ал ауруханаға жату тәулігіне стационарда - 250 доллар. Бір сөзбен айтқанда, "Сақтансаң, сақтайды" ұранымен онлайн сақтандыру алған дұрыс. 

Грузияға жыл он екі ай бара беруге болады. Онда кез келген турист үшін ермек болар іс табылады. Қыста Бакуриани және Гудауриде шаңғы мен сноубордпен сырғанауға болады. Ауа райы да қатты салқын болмайды. Мамыр-маусым айларында шипажайларға барып демалуға болады. Жаз соңында теңіз, жағажай, қарбыз маусымы. Батуми, Кобулети, Квариати, Шекветили, Уреки, Сарпи қалаларына баруға болады. Күзде жеміс-жидек пен көкөніс пісетін уақыт. Жүзім, құрма. інжір... Мұнда дәстүрге айналған жүзім теру мерекесін тамашалауға болады. 




Осыған ұқсас мақалалар

Норвегия Норвегия
Черногория Черногория
Индонезия Индонезия