Альби, Франция. Фото ©Shutterstock Альби, Франция. Фото ©Shutterstock

Зейнеткерлер үшін қолайлы елдер аталды


Әртүрлі мемлекеттен келген зейнеткерлердің өмірі үшін ең қажет елдердің рейтингі аталды. Мұндай зерттеуді money.co.uk сарапшылары жүргізді. Талдау 142 елдің тұрғындарының Google іздеу жүйесіндегі сұраныстарына негізделген, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тravel Daily News сайтына сілтеме жасап.

Зейнеткерлердің өмірі үшін ең қолайлы ел Франция болды. Дәл сол жерге 20 елден келген зейнеткерлік жастағы тұрғындар қоныс аударғысы келеді. Олардың арасында Италия, Бельгия және Камерун бар. "Франктер елінде" ең қолайлы жағдайлар бар: арзан бағамен жылжымайтын мүлік, денсаулық сақтаудың сауатты жүйесі және жылы климат.

Google сұранысы бойынша екінші орында Канада болды. Ол денсаулық сақтау жүйесімен, сондай-ақ әдемі ландшафттарымен және мейірімді жергілікті тұрғындарымен танымал болды. 14 елдің тұрғындары Канадаға көшуді қалайды. Үшінші орында - Аргентина, ол 11 мемлекеттен, негізінен Оңтүстік Америка елдерінен келген зейнеткерлер үшін басым таңдау болды.

Зейнетте өмір сүру үшін ең қажет елдердің рейтингі мынадай:

1. Франция ;
2. Канада;
3. Аргентина;
4. Португалия;
5. Австралия және Таиланд;
6. Испания;
7. Коста-Рика және Германия;
8. Жаңа Зеландия;
9. Түркия;
10. Бельгия және Малайзия.

Сонымен қатар, Франциядан келген зейнеткерлік жастағы азаматтар Португалия мен Испанияны жақсы көреді. Бұл географиялық жақындық пен климатқа байланысты болды.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Әлемдегі қызметі нашар, көп шағым түсетін 10 әуеакомпания аталды Әлемдегі қызметі нашар, көп шағым түсетін 10 әуеакомпания аталды
Бортсерік жолаушылар жиі қоятын орынсыз сұрақты айтты Бортсерік жолаушылар жиі қоятын орынсыз сұрақты айтты
Ұшақтың әйнегіне құстар соқтығысқаннан кейінгі сурет жарияланды Ұшақтың әйнегіне құстар соқтығысқаннан кейінгі сурет жарияланды