Зейнетке шыққан ұшқыш Airbus-ты жалға алып 112 досын Гавайға апарған

Фото: businessinsider.com

64 жаста зейнетке шыққан ұшқыш 112 адамды Гавайға апарды. Ол үшін зейнеткер Airbus ұшағын жалға алуға жылдық жалақысын жұмсаған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Business Insider (BI) басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

64 жаста зейнетке шыққан ұшқыш 112 адамды Гавайға апарды. Ол үшін зейнеткер Airbus ұшағын жалға алуға жылдық жалақысын жұмсаған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Business Insider (BI) басылымына сілтеме жасап.

Дереккөздің мәліметіне сәйкес 33 жыл бойы Delta Air Lines компаниясымен жұмыс істеген Кейт Розенкранц соңғы рет 28 ақпанда ұшақты тізгіндеп, зейнетке шыққан. Ол зейнетке шығуын жақын адамдарымен бірге Гавайда атап өтпек болды. Мақсатына жету үшін Кейт әуекомпанияның жолаушылар ұшағын жалға алды.

BI атап өткендей, Розенкранц жалдаған бортта оның бастауыш мектептен, колледжден және әуе күштеріндегі қызметтен бастап араласқан достары болған. Сондай-ақ Delta компаниясындағы әріптестері, тіпті көршілеріне дейін болған көрінеді.

Реклама
Реклама

Ұшқыш журналистерге берген сұхбатында аталмыш идея 2022 жылдың қазан айында пайда болғанын айтты. Себебі пандемия Кейттің көптеген әріптесінің зейнетке шығуына тосқауыл болды.

Сонымен қатар Розенкранц осынау үлкен сапарға аттану үшін жылдық жалақысын төлегенін жасырмады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная