Ыстықкөлде демалыс: шілде және тамыздағы баға қандай болады?

Ыстықкөлде демалыңысыңызды өткізу ең тиімді әрі тамаша нұсқа. Кaz.tengritravel.kz  тілшісі Kaktus.media сайтына сілтеме жасап, жергілікті пансионаттар мен қонақүйлердің бағасы туралы айтып береді.

Таңдау жасағанда қонақтарға әртүрлі деңгейдегі жайлылық, ойын-сауық, жағажай және ойын алаңдарын ұсынатын орындар ескерілді. Олардың көпшілігінде бассейн, бильярд, караоке, тренажер залдары, спорт кешендері, конференц-залдар және Wi-Fi бар.

Чолпон-атадан бес шақырым жерде Бактуу-Долоноту ауылында "Каприз" орталығы орналасқан.

Мұнда бір апталық тұру эконом-класс нөмірі үшін отыз бес мың сомнан (шамамен 175 мың теңге) бір вилланы жалға алу үшін 245 мың сомға (1 миллион 299 мың теңге) дейін тұрады. Бағасына таңғы ас, бассейнге бару, тұз бөлмесіне бару, ойын-сауық, анимация кіреді. Басқа нұсқалар бар, олармен толығырақ мына жерден таныса аласыз.

Вакцина салдырған қазақстандықтар Қырғызстанға кірерде ПТР-тестен босатылды

Бостери ауылында Talisman Village пансионаты орналасқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Пансионат Talisman Village (@talisman_issykkul)

Күніне үш рет тамақ кіретін стандарт бөлмеде тұру 490 доллардан (шамамен 210 мың теңге) басталады. Күніне үш рет тамақтанатын коттеджді апта сайын жалға алу-1 540 долларға дейін (660 мың теңге) барады. Басқа да нұсқалармен толығырақ мына жерден таныса аласыз.


Фото ©Shutterstock

Бішкектен 245 шақырым жерде Чолпон атаның алдында 10 шақырым жерде "Ақ Марал" қонақүйі орналасқан. Мұнда 200 орындық екі үш қабатты кірпіш корпус, әртүрлі жайлылықтағы 92 бөлме бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ЦО "Ак-Марал" на Иссык-Куле (@akmaral_resort.kg)

Стандартты екі орындық бөлмеде тұру аптасына 45 780 сом (шамамен 231 мың теңге) тұрады, төрт орындық апартаменттер шілде айында 225 мың сом (шамамен 1 миллион 159 мың теңге) тұрады. Басқа орындар туралы толығырақ ақпаратты мына жерден көре аласыз.


Фото ©Shutterstock

"Радуга West" демалыс орталығы Чолпон-атаның алдында 40 шақырым және Бішкектен 220 шақырым жерде Кош-Кол ауылында орналасқан. Стандартты ойын-сауықтан басқа, спа, фитнес-клуб, фин және түрік сауналары, яхта клубы және жылу-минералды ванналар бар. Сонымен қатар, қонақтарға сумен емдеу қызметтері ұсынылады - балшықпен емдеу, парафинмен емдеу, гидропатия (Шарко душы), балқарағай бөшкесі, спа-капсула, емдік ванналар, массаж және гидромассаж.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Raduga West • Resort Center (@raduga.west)

Екі орындық бөлмеде тұру 840 доллардан (360,5 мың теңге), төрт орындық люкс-коттеджде 2 100 доллардан (шамамен 903 мың теңге) басталады. Бағасына бір аптаға тұру, күніне үш рет тамақтану, емдік термалды-минералды суы бар бассейнге бару, автотұрақ және Wi-Fi кіреді. Шарттармен толығырақ мына жерден таныса аласыз.


Фото ©Shutterstock

"Синегорье" пансионаты Корумду ауылында Чолпон-атадан кейін 25 шақырым және Бішкектен 290 шақырым жерде орналасқан.

Екі орындық бөлмеде бір апта тұру құны 560 доллардан (241,5 мың теңге) басталады, алты адамға арналған үш бөлмелі отбасылық нөмір аптасына 1 890 доллардан (812 мың теңге) тұрады. Барлық санаттағы бөлмелердің құнына күніне үш рет кешенді тамақтану кіреді. Толығырақ мына жерден таныса аласыз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Пансионат Синегорье (@sinegorie2017)

"Евразия" қонақүйі Чолпон-Атадан бірнеше шақырым жердегі Қара-Ой ауылында орналасқан.

Бұл ерекше орын, өйткені оның жағажайларында ыстық минералды бұлақтар бар. Тау жыныстарынан өтетін су адам денсаулығына пайдалы көптеген химиялық заттармен байытылған. Мұндай жерде шомылу теріге, буындарға, иммунитетке, орталық жүйке жүйесінің, жүрек пен қан тамырларының жұмысына емдік әсер етеді.

Күніне үш рет тамақтанатын екі орындық бөлмеде тұру аптасына 56 мың сомнан (283 мың теңге) тұрады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОТЕЛЬ ЕВРАЗИЯ ИСCЫК-КУЛЬ (@evrazia_issykkul)

"Royal Beach" клуб-мейманханасы Бішкектен 225 шақырым жерде Чок-Тал ауылында орналасқан. Үш қабатты ғимараттарда бөлмелер бар, сонымен қатар бунгалоны жалға алуға болады.

Стандарт екі орындық бөлмеде бір апта ішінде тұру 700 доллар (шамамен 300 мың теңге), бунгалоны бір аптаға жалға алу 1 500 доллар (643 мың теңге) тұрады. Бұл бағаға тұру және күніне үш рет тамақтану кіреді. Толығырақ мына жерден таныса аласыз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Club Hotel Royal Beach (@clubhotelroyalbeach)

Түркістаннан Бішкекке жаңа рейс ашылады

Бұрын біз Ыстықкөлдегі демалыстың ерекшеліктері туралы егжей-тегжейлі жаздық. Жалпы, солтүстік жағалауда демалыс ыңғайлы, "алтын" құмдары бар көптеген жағажайлар бар. Сіз жеке сектордан да тұратын орын таба аласыз, бөлмелер тәулігіне орта есеппен 330-8 400 сомға (1 712 - 4 280 теңге) беріледі. Қымбатырақ орындарда душ пен дәретхана бар. Пансионаттарда тұру қымбатырақ -1 000 сомнан (шамамен 5 500 теңге) басталады.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.