Ыстамбұлға ұшқан жолаушы ұшақта босанды

© elements.envato.com/ckstockphoto

Uzbekistan Airways әуекомпаниясының жолаушысы ұшақта босанды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі тасымалдаушы компанияның ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Uzbekistan Airways әуекомпаниясының жолаушысы ұшақта босанды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі тасымалдаушы компанияның ресми сайтына сілтеме жасап.

Өткен аптада, Ташкенттен Ыстамбұлға ұшқан 27 жастағы Ситора есімді әйел бортсеріктен көмек сұраған. Жағдайды бағалаған экипаж мүшелері бортта отырған дәрігерлерді іздей бастаған.

Әуежайға жақындағанда әйелдің суы кетіп, толғақ қысқан.

Реклама
Реклама

"Бірнеше уақыттан соң жүктіліктің 28-аптасында әйел ұл бала босанды. Ұшақ әуежайға қонған сәтте Ыстамбұл халықаралық әуежайының медициналық қызметкерлері бортқа көтеріліп, ана мен балаға қажетті көмек көрсетті.

Әуекомпания өкілдері анасы мен сәбиді клиникаға жіберілгені туралы айтты. Олардың жағдайы жақсы әрі тұрақты.

"Осы есте қалатын жағдайға байланысты Uzbekistan Airways компаниясы әйелді босандыруға көмектескен жолаушыларға естелік сыйлықтар табыстады", - дейді әуе саласының мамандары.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная