Ыстамбұлдың танымал көрнекі орны жабылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

pixabay.com pixabay.com

Ыстамбұлдағы Галата мұнарасы 23 ақпаннан бастап жабылады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ыстамбұлдағы Галата мұнарасы 23 ақпаннан бастап жабылады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Ыстамбұлдың еуропалық бөлігіндегі ең танымал көрнекі жерлердің бірі - Галата мұнарасы 23 ақпаннан бастап бір айға жабылады. Бұл туралы Түркияның мәдениет және туризм министрлігі мәлім етті.

Бұған дейін мұнара 2023 жылдың қарашасында жабылған еді. Ол кезде ғимараттың 8-қабаты төбедегі жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылған болатын.

"Енді ғимараттың жер сілкінісіне төзімділігін арттыру мақсатында жөндеу жұмыстары қайта жүргізіледі. Сонымен қоса мұнараның қасбеті қалпына келтіріледі деп жоспарланған", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, ғимараттың қабыраларына 400-ге құс ұя салған. Сол себепті қалпына келтіру жұмыстары құстардың көші-қон маусымын ескере отырып жүргізіледі.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная