Ыстамбұлдың Истикляль көшесінде жарылыс болды, зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі NTV сайтына сілтеме жасап.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ыстамбұлдағы жарылыстан 6 адам қаза тауып, тағы 53 адам зардап шеккенін мәлімдеді.
Сағат 16.20-да болған жарылыстан кейін ауданға бірнеше жедел жәрдем қызметі және өрт сөндірушілер келген.
Аудан қоршауға алынды. Азаматтарға ауданға кіруге тыйым салынды. Жарылыс себебі әзірге белгісіз. Бастапқыда кейбір БАҚ-тар 11 адам зардап шеккенін хабарлады.
Ыстамбұлдағы ҚР Бас консулдығы жарылыс құрбандары арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғы туралы ақпаратты анықтау үшін Түркияның құзыретті органдары мен қала мэриясымен байланыста.